Оның өнімділігі шамамен 2 экзафлопс деңгейін құрайды.
Мұндай қуатты компьютерлер бірнеше саланың дамуына ықпал етеді.
Суперкомпьютердің елге келгенін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мәлімдеп отыр.
– Бұл – аймақ тарихындағы алғашқы суперкомпьютерлік кластер, ол жасанды интеллект пен жоғары өнімді есептеулерге арнайы жасалған NVIDIA H200 жаңа графикалық чиптерінің негізінде салынған, – делінген ресми хабарламада.
Оларды іске қосу мен орнату Tier III сенімділік деңгейіндегі жаңа дата-орталықта жүзеге асырылмақ. Бұл жүйенің үздіксіз әрі тұрақты жұмыс істеуіне өз ықпалын тигізеді.
Суперкомпьютердің қуаттылығы түрлі салада қолданылады. Мысалыға алсақ, ең бірінші, денсаулық сақтау, одан соң энергетика, білім беру, мемлекеттік қызметтер, т.б. деп кете береді.
Ең қуаныштысы, суперкомпьютер ресурстары баршаға қолжетімді саналмақ. Әрі осы арқылы әр салада серпін болары анық.
– Нейрожелілерді оқыту үшін есептеу қуатын қажет ететін стартаптар, іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізетін университеттер, сондай-ақ бизнес-процестерге жасанды интеллектті енгізіп жатқан ғылыми орталықтар мен компаниялар осы ресурстарды пайдалана алады, – дейді министрлік өз хабарламасында.
Фото: globaltimes.cn
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!