Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Биыл елімізде 10 жаңа «жасыл» станция іске қосылады

03.08.2026, 10:55 42

Энергетика министрлігі биыл жалпы қуаты 245 мегаватт болатын 10 жаңартылатын энергия көзі нысанын пайдалануға беруді жоспарлап отыр, — деп хабарлайды halyqline.kz.

Соның ішінде 4 жел электр станциясы, 5 күн электр станциясы және 1 су электр станциясы бар.

Тапсырманың бастауы Мемлекет басшысының жаңартылатын көздерден алынатын электр энергиясының көлемін 1,5 есеге арттыру жөніндегі нұсқауынан өрбіген. Ведомство соңғы жылдары сала бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп келе жатқанын хабарлады.

Есеп-қисапқа қарасаңыз, межеленген деңгейден асып түскені байқалады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша жаңартылатын энергия көздерінде өндірілген электр энергиясының көлемі 8,6 миллиард киловатт-сағатқа жетті, оның елдегі жалпы өндірістегі үлесі 7 пайызды құрады. Ал 2022 жылы сол көрсеткіш 5,11 миллиард киловатт-сағат болып, энергия теңгеріміндегі салмағы 4,5 пайыз ғана еді. Демек төрт жылдың ішінде өсім 1,7 еседен асып кетіпті.

Мамандар мұндай қарқынның үш себебін атайды. Біріншісі, жобаларды іріктеу үшін аукциондық сауда-саттық өткізу тәртібінің орнығуы. Екіншісі, салаға сырттан инвестиция тартылуы. Үшіншісі, дайын нысандардың кезең-кезеңімен пайдалануға берілуі.

Өткен жылдың өзінде жалпы қуаты 503,5 мегаватт болатын 9 нысан іске қосылған болатын. Биылғы жоспардағы қуат одан төмендеу көрінгенімен, нысан саны артып отыр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: