Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Байқоңырдан зымыран ұшырылды

27.04.2026, 9:05 52

HALYQLINE.KZ

Сенбі күнінен жексенбіге қараған түні Байқоңырдан кезекті зымыран ұшырылды. «Роскосмос» мәліметінше, кеме халықаралық ғарыш станциясына 2,5 тоннадан астам жүк жеткізеді.

Атап айтқанда: станцияға жанармай құюға арналған отын, экипажға арналған азық-түлік, ауызсу, санитарлық-гигиеналық құралдар және ішкі атмосфераны сақтауға арналған оттегі.

Сондай-ақ ашық ғарышқа шығуға арналған жаңа «Орлан МКС» скафандры да жіберілген. Ғарыш айлағынан «Прогресс МС-34» жүк кемесі тиелген «Союз-2.1а» зымыраны Халықаралық ғарыш станциясымен 28 сәуір күні сағат 05:01-де түйіседі деп жоспарланған.

Бұдан өзге орбитаға «Нейроиммунитет» (стрестің иммундық және жүйке жүйесіне әсері), «Коррекция» (ғарышта сүйек массасының жоғалуы), «Биодеградация» (микроорганизмдердің материалдарға әсері) және «Сепарация» (суды регенерациялау жүйелерін жақсарту) тәжірибе жасау тапсырмалары жіберіліп отыр.

Дереккөз: inbusiness.kz

Фото: Роскосмос

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: