Бұған дейін Арал қаласы бойынша бірнеше мөлтек аудандарда ұялы байланыс желісінің нашарлығына байланысты тұрғындар тарапынан ұсыныс-пікірлер туындап келе жатқаны белгілі.
Қазіргі таңда аудан әкімі Аманжол Оңғарбаевтың тапсырмасына сәйкес Арал қаласындағы мобильді байланыс сапасын жақсарту және интернет желісінің қамту аумағын кеңейту мақсатында «Актив» және «Beeline» байланыс операторлары тарапынан жаңа антенна-діңгек құрылыстарын орнату қола алынуда.
«Актив Центр» компаниясы Арал қаласы аумағында мобильді байланыс сапасын жақсарту мақсатында бес мөлтек ауданда байланыс антенналарын орнату жұмыстарын бастап кетті.
Атап айтқанда, Арал қаласы аумағындағы Дина Нұрпейісова, Қазыбек би көшесі, №4 мөлтек ауданы, Мұхтар Әуезов және Шәкен Айманов көшесі бойынан ұялы және спутниктік байланыс жабдықтарына арналған антенна-діңгек тіреуіштерді салу үшін тиісті жер учаскелері бөлінген.
Қазіргі уақытта бұл бағыттағы жұмыстар қолға алынуда. Нәтижесінде қала тұрғындары сапалы байланыспен және ғаламтор желісімен қамтылатын болады.
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!