1876 жылы Дүниежүзілік Филадельфия көрмесінде америкалық ғалым Александр Белл алғаш рет халық назарына телефон аппаратын ұсынды. Ол грек тілінен аударғанда «теле» – алыс, «фоно» – дыбыс деген мағына берді.
Алайда тұтқаны көтерген соң адамдар бір-біріне қандай қаратпа сөз айтатынын білмеген. Сөйтіп, Александр Белл «Аhoy» сөзін ұсынған. Одан кейін «Не қалайсыз?», «Барсыз ба?», «Сөйлеуге дайынсыз ба?» деген сияқты көптеген нұсқа болған. Бірақ бұлардың ешқайсысы өміршең болмады.
Кейіннен Томас Эдисон «Нello» сөзін ұсынды. Яғни ол телефонның ар жағында кімнің бар-жоғын сұрамай-ақ, амандасып, әңгімесін бастап кетеді. Осылайша, бұл нұсқа ел арасында кең таралып, әр халық өз тіліне икемдеп айтатын болды. Мысалы біз «Аллоо» дейміз…
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!