Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

19 шілдеден бастап барлық банк бірыңғай QR-код жүйесіне көшеді

15.06.2026, 11:00 69

Қазақстанда бөлшек төлемдермен жұмыс істейтін барлық банк үшін бірыңғай банкаралық QR-код жүйесіне қосылу міндетті болады. Жаңа жүйе 19 шілдеден бастап толық іске қосылады, деп жазады Halyqline.kz.

Жаңа тәртіп бойынша қазақстандықтар қай банктің мобильді қосымшасын пайдаланса да, бір ғана QR-код арқылы төлем жасай алады. Сатушыларға бірнеше терминал қоюдың қажеті болмайды, сатып алушы өз банкінің терминалын іздеп әуре болмайды. Қазіргі таңда жүйеге елдегі екінші деңгейлі банктердің басым бөлігі қосылған, ал ең ірі ойыншы Kaspi Bank белгіленген мерзімге дейін толық кірігуі тиіс. Бұл – қаржы нарығындағы соңғы жылдардағы ең елеулі инфрақұрылымдық өзгерістердің бірі. Бірыңғай стандарт банктер арасындағы «терминал соғысын» аяқтап, ұсақ кәсіпкерлер мен дүкендердің жұмысын едәуір жеңілдетеді. Ұлттық банк жүйенің банктердің биометрия секілді жеке қызметтеріне шектеу қоймайтынын атап өтті – яғни мақсат монополияны емес, бәсекелестік пен ыңғайлылықты арттыру.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: