Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тутанхамон перғауынның қарғысы

11.11.2020, 13:50 2462

HALYQLINE.KZ

1923-1929 жылдары ағылшын лорды Карнарвонның демеушілік жасауымен ағылшынның археолог ғалымы Говард Картер Египеттегі Тутанхамон перғауының қабірін зерттеу жұмыстарын жүргізген болатын. Бұл ХХ ғасырдың басты археологиялық  жаңалығы болғанымен, көптеген адамдардың өмірін жалмаған оқиға болып тарихта қалды. Жергілікті халықтың перғауын қабірін ашқан адамның жамандықа душар болады деген ескертулеріне ағылшындар күліп қарады.

Бірінші болып экспедицияны қаржыландырған лорд Карнарвон мен әйелі леди Альмина 1 күн ауырып о дүниеге аттанды, лордтың інісі мен келіні бірінен соң бірі қайтыс болды. Экспедицияның хатшысы Ричар Бател ұйқыдан тұрмай қалса, баласының өлгенін естіген 87 жастағы үлкен Бетел 7-қабаттан секіріп өлді. Сосын Тутанхамон мүрдесін рентгенге түсірген Артур Мейс пен экспедицияның құрамына қызық көру үшін барған миллионерді белгісіз жәндік шағып өлтірді. Осылайша 10 жыл ішінде зкспедицияның құрамында болған журналист, радио және фото корреспонденттер, кинооператор, текстолог, технолог, химик, лаборант, т.б. 30-дан астам адам өлді.

1929 жылы ең соңында экспедиция басшысы Г.Картердің өлуі түрлі болжамдардың таралуына себеп болды. Соның бірі перғауын қабірінен табылған алтын әшекейлерді Картер Египет мафиясымен иемденіп, артық куәгерлер керек болмағасын көзін құртты деген болжам біразға дейін үстемдік құрды.

1972 жылы Египет астанасы Каирден Тутанхамон қабірінен алынған алтын бұйымдар Лондондағы көрмеге әскери ұшақпен жеткізілді. Ұшқыш пен бортинженер көп ұзамай өлді, ұшақта болған ғылыми қызметкер әйелдің есі ауысып кеткесін күйеуі тастап кетті. 1978 жылы Тутанхамон бұйымдары АҚШ-тың Сан-Франциско қаласындағы көрмеге қойылғанда перғауынның алтын маскасын күзеткен полиция лейтенанты Джордж Лебраш сал (параллич) болып қалды.

Осылайша Египет перғауынының қабіріне қатысты адамдар мистикалық жағдайларда көз жұмды. Бұл да біз білмейтін табиғаттың не тылсым дүниенің бір құпиясы болып қалды.

Бақытжан Түменбай,

тарихшы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Суретте: перғауын табытын ашу сәті, перғауынның алтын маскасы және лорд Карнарвон мен археолог Картер

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: