Л.Н.Толстой (1828-1910 ж) – орыстың ұлы жазушысы, романдары 3 мың 193 рет қайта басылып, таралымы 436 млн 261 мың данаға жетті, «Нобель» сыйлығына 4 рет ұсынылғанмен, 1904-1905 жылғы орыс-жапон соғысына байланысты берілген жоқ. Дінді көп зерттегендіктен, ұлы дін ойшылы ретінде оның ілімі «толстовство» деп аталады. Өз шығармаларында адам тағдырын бірінші орынға қойып, қай романы болса да, кейіпкері сол кездегі оқиғалармен тығыз байланыста болып, жан-жақты ашылып көрсетілді. Жасы ұлғайып әлем таныған суреткер болса да, «адамдар неге кедей тұрады?» деген сұраққа жауапты үздіксіз іздеумен болды. 1891-1892 жылғы Рязань губерниясындағы аштық кезінде өз қаржысына 187 асхана ашып, 10 мың адамды аман алып қалды. Аштықтан халықты аман алып қалу үшін үндеу жариялап, 200 мың рубль жинауға қол жеткізді (сол кездегі гимназия мұғалімінің айлығы 30 рубль еді, осыдан білуге болады, қанша ақша екендігін). Ел аралап шіркеу қызметкерлерімен сөйлессе де, олардан қанағаттанарлық жауап ала алмай жүргенде, Ресейде шіркеуден тыс өмір сүрген «Духобор» діни сектасымен байланысып, солардың уәжі дұрыс деп тапты, олардың адамның жаны өлген соң басқа жанға қонбайды дегені ойынан шығып, өзі тұжырым жасап «Все живое – независомо от церкви» деп мәлімдеме жасауына байланысты 1901 жылы ол орыс шіркеуінен аластатылды.
Ұлы жазушының өз отбасындағы қарым-қатынасы өте күрделі болды. Л.Н.Толстойдың арғы тегі бірінші Петр патшаның серіктесі граф П.А.Толстойдан басталады және басқа ақсүйектерге қарағанда гаф Лев Толстой имениесі өте бай еді.
1880 жылдың басынан бастап ол өзінің «қара халық ауыр тұрмыста өмір сүріп жатқанда, аста-төк жағдайда өмір сүруге болмайды» деп, үстіндегі графтық киімін тастап шаруаның киімін киіп, шаруалармен бірге шалғымен шөп шапты, кезекпен мал бақты, егін екті. Өзінің осы догмасын өзінің отбасында да іске асырмақшы болды. Оған әйелі Софья Андреевна бірден қарсы болды. Өзінің имениясынан түскен табысты шаруаларға тең қылып үлестіруі отбасының шырқын бұзды. Қартайған шалының өз имениесін шаруаларға бөліп беру туралы өсиет қалдыруы мүмкін деп, оның жұмыс бөлмесіндегі қолжазба арасынан іздеуі, жазушының өз үйінен кетуіне себебші болды.
1910 жылдың 10 қарашасында керекті заттары мен шамалы ақша алып, өзінің жеке дәрігері Д.П.Маковпен бірге туып-өскен Ясная Поляна имениесінен түнде жасырын түрде кетіп тынды. Алайда 83 жасқа қараған жазушының өкпесіне салқын тиіп, жолдағы Астапово станциясынан түсіп қалуға мәжбүр болды. Ресейдегі тірі классик жазушының өлімі халық арасында толқу болуы мүмкін деп, станция бастығы Иван Озолинге үйінде жатқан Толстой туралы күнделікті Москва жандармериясына хабарлап тұру міндеті жүктелді. Жазушының беті бері қарамайтыны белгілі болғасын, әйелі Софья Андреевна үлкен ұлы Сергеймен Астапово станциясына келеді, алайда жазушы ұлына ғана кіруге рұқсат беріп, әйелімді көргім келмейді дегесін, 48 жыл оттасқан адал жары Софья Андреевна үйдін терезесінен күйеуінің соңғы жан тәсілімі – агонияны көріп тұруға мәжбүр болды. (Фотодан көріңіздер). Ұлы жазушы: «Сережа… шындықты… сүйемін барлығынды…» – деп үзілді.
1910 жылдың 22 қарашасында Ұлы жазушы өзінің Ясная Полянасындағы ата-бабасы жатқан қорымға жерленді. Соңғы сапарға орыстың зиялы қауымымен қатар бірнеше мыңдаған шаруа жиналды. Жерлеу соңы жаппай ереуілге жалғасып кетуі мүмкін деп, келген полициялар да жеткілікті еді. Граф Толстойдың табыты көрге түсіріліп жатқанда, бар халық тізерлеп соңғы құрметін көрсетті. Сол кезде состиып тұрған полицейлерге қарап біреу: «полиция на колени» деп айқалап жібергенде, олар да тізе бүгуге мәжбүр болды.
Енді ұлы суреткердің әйелі Софья Андреевнаға шамам келгенше сипаттама беріп өтейін, бұл да текті ақсүйектен шыққан, тәрбиелі қыз еді, 18 жасында 34 жастағы Севастополь шайқасының батыры болашақ жазушы граф Лев Толстойға көзін жұмып тиген болатын. Өзінен 16 жас үлкендігіне қарамаған болатын және 9 ұл мен 4 қызды дүниеге әкеліп, лайықты тәрбие мен білім алуына жағдай жасады. Күйеуінің бар байлықты шаруаларға тең бөліп беру туралы догмасына қарсы тұруы, өзінің де 13 баласы барын ойлағандығы деп ойлаймын. Текті әйел күйеуінің ісіне күйініп, отбасындағы кезекті ұрыс-керістен соң, он жыл бұрын 1900 жылы өз күнделігіне: «Егер менің ғұлама күйеуім 100 жасап қайтыс болса да, оның өліміне мен кінәлі боламын» деп жазыпты. Софья Андреева 1919 жылы 75 жасында қайтыс болды, күйеуі қайтыс болғаннан кейінгі 9 жыл ішінде оның бай мұрасын жинақтап баспадан шығартып кетті.
«Менің өмірім» деген мемуарында жазушының жесірі мынадай жазба қалдырып кетті: «Он ждал от меня, бедный, милый муж мой, того духовного единения, которое было почти невозможно при моей материальной жизни и заботах, от которых уйти было невозможно и некуда. Я не сумела бы разделить его духовную жизнь на словах, а провести её в жизнь, сломить её, волоча за собой целую большую семью, было немыслимо, да и непосильно».
Жарты ғасырдай бір шаңырақтың астында тұрып, ұлы жазушыға 13 бала тауып беріп, барлық романдарының дүниеге келуіне ықпал етіп, бар жағдайды жасаған әйелінің бар жазығы оның «рухани бірігуін» қабылдай алмауында еді.
Данышпан жазушының өмірінің осы соңғы сәтін, қазақтың ұлы ақыны Мұхтар Шаханов өзінің «Түсінісу теоремасы» поэмасына арқау қылып былай деп жырлаған болатын:
Келіп жатыр, кетіп жатыр дарындар…
Қара бұлттан қайғы жапты бөлмені.
Адамзаттың алғыр ұлы қыраны
Лев Толстой жатыр еді өлгелі.
Әйелі кеп қолын сүйіп, жылады:
«Тежей алмай мінезімнің тасырын
Өзіңмен өтті жарты ғасырым,
Мен бейбақты кешіре гөр.
Күнәм көп….
Кешіре гөр, асылым?!».
Өткен күнін оймен шолып алыстан
Үнсіз, іштей күбірледі данышпан:
«Жә, кемпірім,
Жасыңды тый,
Жетті енді,
Жылап ешкім қайтара алмас өткенді.
Қаштым сенен….
Саған жақын жүргенше,
Артық көрдім жаһан кезіп кеткенді.
Жалғыз сенен қаштым ба екен мен бірақ…
Ресейден бөлінбестей болдым-ақ,
Із бастадым күртік қарды омбылап.
Күллі әлемді тамсандырған ақылым
Сенен қолдау таппағаны қорлық-ақ.
Бір шындық бар еншімнің жоқ таласы –
Ұл-қыздарымның болдың ғазиз анасы.
Қартайғанда түсініспей, әттең-ай,
Жолымыздың қырсыққанын қарашы,
Дей алмаймын: «Маңдайымның сорысын
Қамқор боп создың қанша қол ұшын.
Бірақ мені түсінбедің.
Түсінуге және де тырыспадың…
Кешірмеймін сол үшін…».
Күллі адами пенделікпен алысқан
Қыран ойы тұрақ таппай ғарыштан,
Әйеліне қарап терең күрсіне
Мәңгілікке көзін жұмды данышпан.
Бақытжан Абдул-Түменбаев,
тарихшы, журналист-дайджест
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!