Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Татардың батыр барлаушы қызы

12.01.2024, 8:45 339

HALYQLINE.KZ

Әлима Әбденанова 1924 жылы 4 қаңтарда РФССР құрамындағы Қырым АССР-нің Керчь қаласында қырым татары азаматының отбасында дүниеге келді. 1941 жылы 30 тамызда Әминаның туған отаны Қырым жау қолында қалып, Украина Рейхскомиссариатына қарасты Қырым Бас Округі құрылып, орталығы Семфирополь қаласы болды. 1943 жылы Курск түбінде жеңіске жеткен соң, совет армиясының бас штабы Қырымды жаудан азат ету жоспарын ойластыра бастағанда, ең алдымен нақты барлау мәліметтері керек болды. Қырым түбегіндегі жұмысқа жарамдылар адам ресурсы жетіспей жатқан Германияға түгелге жуық айдалды (соғыстан кейін осы қырым татарларын сатқын деп жер аударуға Сталин үшін мықты сылтау болды). Ер адамды жіберсе, бірден көзге түсетінін білген Солтүстік Кавказ майданының Примор армия штабы барлау бөлімінің бастығы, генерал-майор Николай Трусовтың таңдауы әскери барлау мектебінің жедел дайындығынан өткен резидент Әлияға түсті.

1943 жылдың қазан айының 2-сінен 3-іне қараған түнде жау басып алған аймаққа екі қыз түсірілді. София деген атпен белгілі болған Әлиманың эфирге шығу позывной-шақырылымы «Аня» болды. 1943 жылдың қазан айынан 1944 жылдың ақпан айына дейін өте құнды 80-нен астам радиограмманы радист қыз Лариса Гуляченко беріп отырды. Абвер барлау органы Қырымдағы радиограммалар беріліп жатқанда магнитофон лентасына жазып отырды. Округ орталығы Семфиропольден соңғы үлгідегі радиолокациялық жылжымалы пеленгаторларды алдырды. 1944 жылдың ақпан айының 19-ында ГФП дала полициясы радио эфирге шығып жатқан радист Лариса Гуляченконы қасындағы партизандармен қоршап алып қолға түсірді. Паризандарды гестапоның қалай азаптағанын көрген Ларисаның зәресі ұшып кетіп, Әлиманы ұстап бергенімен тұрмай радиогармманың шифрын да жариялап берді. Москваға жіберілген шифрогаммаларды оқыған гестапошылардың шашы тік тұрды, онда Қырымдағы неміс әскерінің кординаттары дәл көрсетілгенін біліп, бар ашуын Әлимадан алды, адам айтқысыз азаптап, денесіндегі сүйектерінің барлығын сындырып болғасын, 5 сәуірде атып тастады. Совет әскері Қырымды азат еткен соң, Әлима Әбденанованы майданның әскери кеңесі асығыс түрде Қызыл Ту орденіне ұсынды.

ХХІ ғасырдың басында әскери тарихшылар Әлиманың ісін қайта зерттеп, оның жіберген мәліметтерінің арқасында Қырымды азат ету операциясы барысында жүз мыңдаған адам өмірін сақтап қалғанын анықтап, тиісті орынға тапсырды. Соның нәтижесінде 2014 жылдың 1 қыркүйегінде Әлима Сейіт-Османқызы Әбденановаға Ресей Батыры атағы берілді. 2015 жылы «Қырым аңызы» фильмі түсіріліп, Семфирополь, Керчь, Феодосии қаларындағы көшелерге есімі берілді, Ленино поселкесіндегі парк атымен аталатын болды, өзі оқыған мектепке де есімі берілді.

(Ашық дереккөзден алынған фотода Әлима жерленген жердегі ескерткіш. Әлиманың артында Әзипа және Перуза есімді екі сіңлісі болды, ескерткіш жанындағы Перузаның қызы Н.Бектұрғанова. Ескерткіштегі қырым татар тілінде жазылған сөздер қазақ тілінен еш айырмашылығы жоқ).

Бақытжан  Абдул-Түменбай,

тарихшы,  журналист-дайджест.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: