Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

СССР кезіндегі ең ірі теміржол апаты

06.04.2022, 17:30 381

HALYQLINE.KZ

Бұл апат 1989 жылдың 4 маусымында Башқұрт АССР-нің Иглин ауданында, Москва уақытымен 01:15-те болды. Екі жолаушылар поезы Аша-Ұлу Телек перегонында қатар өтіп бара жатты. №211 Ново Сибирск-Адлер (20 вагон) және №212 Адлер-Ново Сибирск (18 вагон), барлығында 1300 жолаушы, оның 300-і балалар, 86-сы локомотив поезының бригадасының адамдары еді. Жарылыс болғанда 11 вагонды рельстен ұшырып жіберген, 7 вагон түгел жанып кетті, барлығы 27 вагон жанған. Ресми дерек бойынша 645 адам, оның 181-і балалар тірілей жанып кетті, 600-ден астамы мүгедек болып қалды.

Жарылысқа себеп болған жағдай теміржол жанынан өтетін газ құбырына жөндеу жұмыстары жүргенде эксковатордың ковушы құбырды зақымдаған болып шықты. Одан шықан газ кондисаты сол маңайға жиналып тұрған, локомотивтің пантографынан шыққан ұшқын газдың тұтанып кетуіне себепші болған, кей деректе вагон доңғалағынан рельске үйкелгеннен болатын искра да себепші болды дейді. Жарылыс күші 300 тонна «нитро-толуола» болған, бұл Хиросимаға тасталған бомбаның жарылыс күші 160 тонна болғанын айтсақ та жеткілікті. Жарылыстан Солтүстік Америкадағы Әуе Қорғаныс Күштері кешенінің дабыл белгісі іске қосылып кеткен. Апат болғанда 11 шақырым қашықтағы Аша қаласындағы үйлердің терезелері түгел сынған, жалын биіктігі 100 шақырымнан көрінген, 250 гектар жер өртеніп кетіп, 400 метр рельсті көтеріп жіберген, 17 шақырым байланыс желісі жарамсыз болды.

РСФСР Қылмыстық Кодекстің 215-бабы бойынша 9 адам сотталды, 1992 жылы апат болған жерге мемориал орнатылды.

Бақытжан  Абдул-Түменбаев,

тарихшы,  журналист-дайджест

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: