Өткенде Махатма мен Индира Гандиді қастандықпен кімдер өлтіргенін жазған едім. Ендігі кезек Индира Гандидің ұлы Раджив Гандиге келді. 1999 жылы британдық «Би-Би-Си» ақпараттық қызметі «ХХ ғасырдың басты әйел тұлғасы кім?» деген сауалнама жүргізгенде, әлем халықтарының басым бөлігі Индира Гандиді таңдады.
Индира Неру 1942 жылы касталық жүйеге тыйым салынғанына қарамастан Үндістанға ирандықтарды парсылар деп аталатын заманда қоныс аударып келген ата-бабалары зорастризм дінін ұстанатын Фероз Гандиге тұрмысқа шығып, күйеуінің фамилиясына жазылды. 1944 жылы 20 ақпанда Раджив және 1946 жылы 14 желтоқсанда Санджай есімді ұлдарды дүниеге әкеледі. Күйеуі Фероз Ганди 1960 жылы қайтыс болды.
Раджив анасы сияқты Англияда оқып жүргенде итальяндық ауқатты отбасынан шаққан Сонямен танысып үйленетінін айтқанда, Индира қарсы болды. Бірақ екі жастың бір-бірінсіз тұра алмайтынына көзі жеткен Индира Соняға сарриді кигізіп батасын береді. Соня Рахул деген ұл мен Приянка деген қызды туады.
Раджив інісі Санджай сияқты саясатпен айналысқан жоқ, «Индиан Эйруэиз» авиакомпаниясында қызметін бастап, оның президентіне дейін өсті. Інісі Санджай әуе апатынан қаза тапқанда, анасы інісінің парламенттегі және үкіметтегі қызметіне шақырды. 1984 жылы қастандықтан қаза тапқасын Индираның орнына премьер-министр болады. Бұл кезде көптеген дін ұстаушылар арасында алауыздық шегіне жеткен кез еді. Индира Ганди сикх сепаристері қолынан қаза тапса, тамиль сепаристері енді оның ұлы Радживке өшікті. Оның себебі, Шриланкада құрылған «Тамиль Исламды азат етуші жолбарыстар» ұйымының ұйымдастыруымен Үндістаннан бөлінбекші болып бүлік ұйымдастырғанда үкімет басшысы Раджив Ганди аяусыз бастыртып тастаған еді. 1989 жылы осы діни алауыздыққа байланысты Раджив Ганди үкіметі отставкаға кетуге мәжбүр болды. Бірақ саясаттан кеткен жоқ, «Үндістан Ұлттық Конгресс» партиясының жетекшісі ретінде, 1991 жылғы сайлауға қайтадан түспекші болып өз командасын жасақтап сайлаушылармен кездесіп, елді аралап, өзінің сайлау алдындағы бағдарламасымен таныстыра бастады.
1991 жылы 21 мамырда Мадрас штатындағы Шриперубудурс қаласында сайлаушылармен кездесуге өзінің досы, күзет бөлімінің бастығы бірден қарсы болды, халықтан бөліп тұратын тұғыр не трибунасы жоқ ашық алаңда халық өте жақын тұрғандықтан қауіпсіздік шарасын сақтау мүмкін емес екендігін айтқанда, Раджив тыңдаған жоқ. Өзінің бағдарламасын таныстырып болған соң халықтың қойған сұрақтарына жауап беруді бастады. Олардың арасында «Тамиль-Исламды азат етуші жолбарыстар» террорлық ұйымы дайындаған жанкешті (смертник) екі келіншек Дхану мен Шубханың беліне байланған тротилл бомбасы бар еді. Екеуі де халықпен бірге жақындай түсті, алдымен көзілдіркті әйелдің оқушы қызы Радживтің мойнына ақ түсті шарфты іледі. Содан кейін қолдарында тоқылған грилянд-гүлдері бар Дхану мен Шубха (фотода екеуінің бастары қызыл шеңбермен көрсетілген) жақындап келіп, дөңгелек тізбек-гүлді өз ризашылықтарын білдірмекші болып Радживтің мойнына іліп жатқанда, қашықтан автокөлік ішінде отырғандар басқару пультін басып қалды. Тротиллдің жарылысы күшті болғаны соншалық, Раджив пен екі келіншектің денесі майдаланып бөлініп кетті, үш күзетшісі бар, барлығы 15 адам өліп кетті.
Радживтің жесірі Соня «Үндістан Ұлттық Конгресс» партиясының жетекшісі болады, қазір оның орнына ұлы Рахул Радживұлы Ганди келді.
Бақытжан Абдул-Түменбаев,
журналист-дайджест.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!