1957 жылдың 4 қазан күні КОКП ОК-нің Президиум мүшесі, КСРО маршалы, Қорғаныс министрі Г.Жуков Мәскеуден Севастопольге ұшып келіп, келесі күні «Куйбышев» крейсерімен арнайы сапармен Югославаияға барып, мемлекеттік деңгейде кездесулер өткізіп, сапарын Албанияда жалғастырған. Арнайы сапармен барған Жуковты жоғары деңгейде қарсы алып, құрмет көрсетіп, тек қана әскерилер емес, жоғары деңгейдегі партия, үкімет басшылары қабылдап, нәтижелі келісімдерге қол жеткізген. Жуков Югославияда қарулы күштері жарақтанған Американың қару-жарақтарымен, технологияларымен танысуға мүмкіндік алған. Албандар Кеңестік әскери теңіз флотына өздерінің Влера флотын беруге уағдаласақан. Жуковтың Балкан еліндегі бұл арнайы сапары екі ел арасындағы халықтардың достығын жақсарта түскен. Жуков 1957 жылдың 26 қазанында Мәскеуге оралған бойда, оған бірден аэропорттан Кремльге КОКП ОК Президиумының мәжілісіне келуге бұйырады. Мәжілістің екі тармақтан «өте құпия» деген қаулысы қабылданыпты. Біріншісінде Жуковтың арнайы Югославия және Албанияға сапары халықтардың достық қатынастарын жақсартудағы келісімдері мақұлдансын. Екіншісі Г.К.Жуков КСРО Қорғаныс министрі міндетінен босатылсын деген. Жуковты жазалауға арналғандай 1957 жылдың 28-29 қазанында КОКП ОК-нің Пленуымы өткен. Бұл Пленум 25 қазан күнгі Жуковтың арнайы сапардан оралу күніне тураланған. Кремльге жиналған ОК мүшелері алдын ала жоспарлап қойғандай, маршал Жуковтың партиялық және ОК-ғы пікірлес жодастары, кенеттен мүшкіл халге түскен маршалды тек қана сынап қоймай, оның ар-намысына тиетін жала мен кінәлаумен болған. Сондағы тағылған айыптау мен тағылған кінәлар: ол Кеңес армиясымен оның басшысы болған кезде партияның лениндік принциптерін бұзды. Кеңес Армиясындағы және қарулы күштердегі партиялық талаптардан ауытқып, саяси партиялық құрылымдарды жоюға бағытталған ұстамда болды. Ол ОК-нің бақылауынан шығуға әрекет жасады. Әскери басшылық пен мамандарды дұрыс тәрбиелемеді. Партиялық бақылауды төмендетті. «Мысалы, – деді олар, – қырық жыл бойы мылжыңдап, кәрі мысықтай иіс сезуді жоғалтты. Саяси қызметкерлерге сары сақал жапсырып, қолдарына қанжар берсе, олар командирлерді сойып тастаудан тайынбайды. Олар өздерін деспот көкірек ұстайды. Мұндай қасиет Рокоссоковскийден басқа барлық жоғары шенді әскери басшыларға ортақ деп кінәлаған.
Партияның бас идеологы Михаил Суслов: – Олар қарапайым, кішпейілдікті сезінбейді. Өз-өздерін мақтайды. Қарапайымдылықты жоғалтқан бұндай өр көкіректік қасиет Жуков жолдастың шексіз билікті иеленудегі пиғылынан аңғаруға болады. Жуков жолдастың жақында Мемлекеттік Қауіпсіздік комитетінің төрағасын және Ішкі Істер Министрін әскери қызметке бағындырып, олардың құзырларына да басшылық жасауды, Қорғаныс Министрлігіндегі өз адамдарына басқаруды ұсынды.
«Бұл, -деді Пленумда сөйлеушілер, – барлық күш (силовиктерді) органдарын өз уысында ұстап, мемлекеттік қауіпсіздігін әлсірету, – деп Жуковты кінәлаған. Президиум және ОК мүшесі Николай Игнатов өз сөзінде КСРО қарулы күштеріндегі Партияның орындары төмендегенін, тіпті ОК-ның хабарынан тыс Мосвканың жанындағы (шынында да Тамбовта) жасырын екі мың адамнан құралған диверсанттық топ дайындалуда. Олар қандайда бір тапсырманы орындауға дайын. Бұны біз Н.Игнатов берілген тапсырманы орындаушы баскесерлер деп білеміз. Бұндай құрылымды құрудың не қажеті бар еді?
– Біздер инженерлерді 4,5-5 жыл оқытамыз. Ал, диверсанттарды оқыту 7 жыл! Түсіндірші! Тапсырмаларды орындауға жіберілетіндерді сол елдің тілін, дәстүрін біліп, сіңісіп кету үшін ұзақ жылдарды қажет етеді, – деген жауапқа Хрущев:
– Бұның бәрі бекер, оқыт-оқытпа, олар өзінің тілінде толыққанды сөйлей алмайды. Жаңа бір жодас сөзінде мен ярославльдықпын деді, оны тілімен де, түрімен де ярославтық екенін аңғаруға болады. Ал мысалы, Анастас Иванович Микоянды ешкім курскілік деп айта алмайсың (залда күлкі). Сондықтан да диверсанттардың істері таза емес, – деді.
Берияда да диверсанттық топ болды. Берияны тұтқындау алдында Берия баскесерлерін Мәскеуге шақырды. Кімнің басы ұшатыны белгісіз болды. Екі күнге созылған Пленумда маршалдың басына қара түнек орнатып, сөйлеген сөздерін қорытындысымен аға буын жолдастардың қолдауымен Жуковты Қорғаныс Министірліктен алу туралы қаулысына қосымша оны Президиум және КОКП ОК-ның құрамынан шығарылсын деген қаулы қабылданған. Жуковқа қарсы бұл акция жақсы жоспарланған, арнайы дайындалған операция болған. Бұл Мемлекет басындағы партиялық саяси күштердің Бериядан кейінгі Ұлы Отан соғысының қаһарманы, Қорғаныс Министірі, халықтың сүйіспеншілігіне бөленген маршал Жуковты әскери және саяси саханадан тайдырудағы жасалған әректтер еді.
1953-1959 жылдары Хрущев партаппаратқа жиналған өзінің командасымен жеке-дара билікті қолына алуға күш салды. Биліктің жоғары шыңына ұмтылған Хрущев қызмет барысында ұнамаған лауазымды кісілерді қатардан шығарып отырды. Ең алдымен Берияны құртқаннан кейін Маленков, Молотов, Булганин тобына кірісе бастады. Маленковты үкімет басшылығына отырғызып, 1955 жылы оны қызметінен босатты. Совминнің төрағалығына Хрущев өзінің айтқанынан шықпайтын «гимназия директоры» деп аталып кеткен Булганинді отырғызды. Алғашқы жылдары Хрущев Булганинмен дүнижүзінің көптеген еліне сапарлас болды. Никита Кеңестер Одағы сияқты алып елдің басшылығына Булганиннің қабілеті жетпейтіндігін біліп, кемшіліктерін бетіне басумен болған. Осы бір сыңдарлы кезде Булганиннің Маленков, Молотов бастаған топпен ымыраластығын сезіп, Булганинді орнынан алды. Ендігі кезек ұзақ жылдар Сыртқы Істер министрі болған, Кеңес одағымен халықаралық қатынастардың беделді қайраткері, «ескі гвардия» Молотовты 1956 жылдың бірінші маусымында қызметінен босатты. Осылайша Кремльдің клемінің үстінде дара билікті қолына алу мақсатында күресті жалғастыра берді. 1957 жылы Маленков, Молотов, Коганович, кейіннен осы топқа ілінген Шепиловты «антипартиялық» топ деп әшкерлеп, Партия мен Үкіметтің саяси сақананасынан тайдырғанын халық жақсы біледі. Хрущев майдансыз саяси күресте «наганды адамдар» мен танкке бұйрығы жүретін жолдастарымен емес, соғыстан кейінгі Кеңестер Одағының Коммунисттік Партияның, барлық басқару буындарында отырған жаңа жас буынға сеніммен үстемдігін көрсетіп, иландыра білген және дара билеудің валенттеристік саясаттың арқасында жеткен болатын. Кремльдің кілемінің үстіндегі биліктің саяси күресінде Хрущев «антипартиялық топты» әшкерлеуде, оларды биліктен кетіруден, Қорғаныс Министірі Жуковтың танктерін ұтымды пайдалана білді. Партиялық аппарат Жуковтан қорықты. Танктер оның айтқанымен жүреді (қай жақты ол көрсетсе). Осындай айтыс-тартыс кезінде Анастас Микоян: – Танктер ОК-ның айтуымен емес, Қорғаныс Министрінің айтуымен жүреді, – деген. Мұндай мақсаттағы тұлға КСРО Компартиясын мойындамаған адам болды деген сөз.
Кезінде Кеңестер Одағында қанатты сөз болып кеткен Армияның басында «Сенімді Клим болуға тиіс» деген сөзден сезіктенген Хрущев, барлық билік қолында тұрғанда Жуковтан іргесін аулақ ұстаудан, оның беделін түсіруге жасалған жұмыстар болатын.
Осы мақаланы жазып отырғанда мынандай естелігім есіме түсті. Мен 1962-65 жылдары Стратегиялық мақсаттағы Ракета әскерінде қызмет атқардым. Әскери бөлім Литва ССР-нің Каунас-Клайпеда тасжолында, орман арасында орналасқан екен. Балтық жағалауындағы Литва, Латвия, Эстония, бұл республикалар Кеңестер Одағына 1940 жылы қосылған еді. Әлі де Кеңестік жүйеге ене қоймаған бұл елдер Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде немістердің қолында қалды. Бұрынғы капиталистік буржуазия елдер неміс фашисттердің немістік идеологиясымен мемлекеттік құрылымды аңсауда болғаны жасырын емес еді. Немістер басып алған елді мекендерде фашистерге қызмет жасау, жергілікті жерлерде Кеңес, Партия қызметкерлеріне қастандық жасау, халықты қорқынышта ұстау, тонау, т.б. әрекеттер етек алған. Бұл елдерде «орман ағайындары» деген ұйым құрылып, өз халқын тонаумен айналасатын топтар қарулы күштермен үстемдік жасаумен болған. Ол топтар бұл республикаларда фашизмнен азат етілгеннен кейінде өз елдерінде қалып, «орман ағайындары» өз халқын тонап, Кеңес үкіметіне қастандық жасаумен болған. Олар Кеңестік әскери бөлімдерге шабуыл жасап, қару-жарақтарды, қоймаларды бүлдірумен айналасқан. Сол жылдары осы оқиғаның куәсі болған, мен қызмет ететін бөлімде взвод командирім Березин мынандай жағдайды айтқан еді.
«Соғыстың соңғы жылдары, әскерге шақырылдым. Кеңес әскерлері жеңісті жақындатып, Шығыс Европа елдерін немістерден азат етіп жатқан уақыт еді. Бас қолбасшыдан әлі соғыс дәмін татпаған жас жауынгерлерді, біздерді қырғын соғысқа салмай, оларды кіші командирлікке, техникалық мамандыққа оқыту бөлімінде оқытып жатты. Мен Ригадағы авиацияға техник-механик дайындайтын курсқа қабылданып, кіші лейтенант атағын алып, әскери өмірімді Прибалтика әскери округінде жалғастырдым. Соғыстан кейінгі жылдары бұл республикада соғыс кезінде немістердің жағында болған, соларға қызмет еткен ұлтшыл пиғылдағы кеңестік жүйені қолдамайтындар көп болды. Олар нағыз баскесерлер еді. Бейбіт халықты тонап, Кеңес, Партия қызметкерлерін өлтіріп, Кеңес әскерлерінің бөлімдеріне тоссыннан шабуыл жасап, қару- жарақтарын тартып алып, адам шығынын жасаумен болды. Ол кездері неміс фашизмінен азат еткен қалаларда 9 мамыр Жеңіс күні әскери шерулер өтетін. Осындай шеру Каунас қаласында өту жоспарланған еді. 9 мамыр күні Каунас қаласының орталығындағы «Бейбітшілік аллеясы» даңғылының бойында өтіп жатқан әскери шеруге алдын ала қаруланып, қалаға орналасып алған бандиттер тобы әскери шеруге және мерекеге келген бейбіт халықтарға оқ жаудырып, көптеген адам шығынын жасады. Осындай қайғылы оқиғаның «орман ағайындарын» жою мақсатында сол кездегі Қорғаныс Министірі Жуков Партия, Үкімет басшысының рұқсатынсыз Прибалтика әскери округінің қолбасшысына бір ай ішінде үш республиканың аумағын, «орман ағайындары» бандиттерінен тазартуға бұйрық берген. Бұл науқанға Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитеті мен Ішкі Істер министрлігінің әскери қызметкерлері қатыстырылып, бір ай мерзімде бұл елдерде «орман ағайындары» бандиттерден тазарған. Бұл науқанды Қорғаныс Министрі Жуков басқарды» деген еді взвод командирі Березин.
Ұлы Отан соғысының даңқты қолбасшысы, дарынды стратег, ел басына күн туған соғыстың алғашқы жылдарында ақыл-ой, қабілет-қасиетімен қолбасшылық жасаған, «Жуков қайда болса, жеңіс сонда» қанатты сөзге айналған ол өз ойын партиялық билікке де ашық, батыл айтуынан жақпағандығын бұрынғы Кеңес халқы жақсы біледі. Оған тағылған айыптарды тарихтың толқыны тазартып алған еді.
Рысбай Кәрімов,
Қазақстан Журналистер және Халықаралық Жазушылар одақтарының мүшесі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!