Сталинді антисимиттік көзқараста болып, СССР-дегі атақты ұлты еврей өнер иелерін қынадай қырды, қалғандарын Биробиджанға жер аударды деп біледі. Алайда, тәуелсіз Израиль мемлекетінің құрылуына Сталин себепші болды, сондықтан еврейлер «халықтар көсемі» атанған мұртты көсемді кезінде қатты құрметтеп, әр еврей отбасында портреті ілулі тұрып, машиналарға суретін іліп жүру сән болды (фотодан көруге болады).
1946 жылы Нюренберг трибуналы шешімімен концлагерьдегі тұтқындар еліне қайтарылып жатқанда, еврейлерді мемлекеті болмағандықтан қайда жіберерін білмеді. Фашистерден азат етілген Польша, Австрия, Голландия, т.б. елдерде соғысқа дейін еврейлер ең көп шоғырланған елдер, енді еврейлерді қабылдағысы келмеді. Сол кезде Сталиннің көзі Палестина жеріне түсті, оған 3 себеп болды: 1) араб пен христиандарға қарағанда, еврейлер өте аз, 60 мың-ақ болды және тарихи тұрғыдан қарағанда әлемдік мұсылман мен христиан дінімен қатар иуда діні де осы араб түбегінде пайда болды; 2) арабтар мен еврейлердің арасында діни алауыздыққа байланысты қақтығыстар жиі болып тұрды; 3) халықаралық келісімге сай, бұл жер 1948 жылға дейін Ұлыбритания бақылауында болды.
Палестинаны британдықтар ешкіммен бөліскісі келмегені Сталинді ашуландырып, олардың әлсіз тұсы болатын «Ахиллес өкшесін» іздеді. Бір таңқаларлығы Сталинді АҚШ жақтап, Палестинаны совет-американ сценарийі бойынша бөлу туралы сөз болғанда, арабтарға бұл ұнамай өз жерлерін бергісі келмей ағылшындар жағына шықты. Алайда, оларға Палестинада да араб мемлекеті құрылады деп уәде берілді. БҰҰ-да бұл мәселеге байланысты жағдай ушыққаны соншалық, Лондон өз мандатынан бас тартты. Ары қарай орыстар айтқандай, «дело техники» болды. БҰҰ-на мүше елдер дауысқа салғанда, совет елінің ұсынысын 5 мемлекеттің дауысы, яғни сол кезде Сталинмен достық қатынаста болған Қытай (Мао Цзедун), Албания (Анвар Қожа), Югославия (маршал Тито), Франция (генерал Де Голль), АҚШ (Трумэн) дауысы шешуші роль атқарып кетті. Палестина жер көлемінің 23 пайызында Израиль мемлекеті құрылатын болды. 1948 жылдың 14 мамырында Давид Бен-Гурен Тәуелсіз Израиль мемлекетінің Тәуелсіздік Декларациясын оқып, жаңа елдің премьер-министрі болып сайланды. Палестинаның қалған 77 пайызы Иорданияға өтіп, АҚШ пен СССР арасындағы «қырғиқабақ соғысқа» байланысты Палестина араб мемлекеті құрылмай қалды. Сол кезде И.В.Сталин: «Бұл жерде енді тыныштық болмай, жанжалдасып соғыстан көзі ашылмайтын болды» деген сөзі рас болып шықты. Содан бері 70 жылдан астам тарихында Израиль тәуелсіздігін сақтап қалу үшін Египет, Иордания, Ливан, т.б. араб елдерімен бірнеше рет соғысты, әр соғыстың атауы болды, тіпті «алты күндік соғыс» деген де болды, осылайша Таяу Шығыста әлі тыныштық орнаған жоқ.
Бақытжан Абдул-Түменбаев,
тарихшы, журналист-дайджест
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!