Жеңіске – 80 жыл
Василий Петров екі мәрте Совет Одағының Батыры, 2 «Ленин», 3 «Қызыл жұлдыз», 2 «Богдан Хмельницкий», «Қызыл Ту», «Октябрь революциясы», «Халықтар достығы», Польша, Чехословакияның жоғары орденіне ие болған офицер-артиллерист қолбасшы болды.
05.03.1922 жылы дүниеге келген В.Петров артиллерия училищесін бітірген бойда, 1941 жылдың жазында соғысқа жіберілді. 155-мм зеңбірек-гаубица батарея командирінің орынбасары болып, Ковель, Луцк, Чернобыль шайқасында әскердің шегінуіне жағдай жасады, Киев түбінде де қоршауды бұзып шығып, қаза тапқан командирінің орнын басты. Кейін қайта жасақталған артиллерия полк командирі болып, Днепр шайқасында жауға қирата соққы берді. 1943 жылы 1 қазанда Буклин плацдармы үшін шайқаста капитан Петровтың қасынан жарылған снаряд жарқыншағы екі қолының сүйегінің сындырып кетеді. Комбатты медсанбатқа әкелгенмен адам көптігіне байланысты, далада жатып қалады, кешке қарағанда қан көп кеткендіктен өлдіге санап, таяу жердегі сарай-мәйітханаға апарып тастайды. Одан ары қарай Петровтың өзі былай деп еске түсіреді: «Бригада командирі комбат Петровтың өлгенін естіп, батыр ретінде құрметтеп жерлейміз деп, капитан Запольский мен интендент қызметінің майоры Галушкоға менің мүрдемді алып келіңдер дейді. Екеуі тәулік бойы іздеп таба алмай қайтып келеді. Комбриг қайтадан қастарына адам қосып, тауып келіңдер дейді».
Капитан Петровтың денесін өліктер арасынан әрең тапқанда денесінде жаны бар екенін біліп, хирургке операция жаса дегенде дәрігер көтере алмай өліп кетеді дегеніне қарамай, трибуналмен қорқытып операция жасатқызады. Жоқ, көретін жарығы бар екен, аман қалады, У-2 ұшағымен Москваға жіберіледі, госпитальда аман алып қалу үшін екі қолына ампутация жасайды. Екі ай бойы ауырғандықтан айқайлап есінен танып қала береді. Екі қолынан айырылған 22-дегі жас жігіт жан күйзелісін басу үшін күніне 100 папирос шекті. Днепрден өткендегі ерлігі үшін, өзіне Совет Одағының Батыры атағы берілгендігі туралы хабарға да қуанған жоқ. Ерлігін газеттен оқыған қыздардан хат легі толастаған жоқ. Москва қалалық партия комитеті бір ауданды басқаруға шақырды. Ал комбат Петров соғысқа қайта жіберуді сұрап рапорт жазумен болды, екі қолы жоқ мүгедекке кім рұқсат берсін? Сол кезде Жоғары Бас қолбасшы Сталинге хат жазып, артиллерия командирі ретінде соғысқа жіберуін сұрайды. Сталин ерекше жанға рұқсат етеді. Осылай капитан Петров алдыңғы шептен бір-ақ шығады. Артиллерия полк командирі ретінде Одер өзенінен өтер кезінде оның расчеті дәлдігіне арқасында, оның учаскесінен адам шығыны аз болып, Одердің арғы бетіне шықты. 1945 жылы Дрезден қаласын қоршауға алғанда, майор Петров полкіне фашистер шоссе арқылы шегінуіне жол бермеу керек деген бұйрық алады, жау толық талқандалғанмен Петров екі аяғынан ауыр жараланып госпитальға түседі, екі аяғын аман алып қалады.

1945 жылдың 27 маусымында подполковник Петровқа екінші мәрте Совет Одағының Батыры атағы беріледі. Сталин гвардия подполковнигі Петровты СССР қарулы Күштері қатарына мәңгілік есепке тұрғызғандығы туралы бұйрыққа қол қойды. Соғыстан соң полковник Петров академияда сабақ беріп, 1959 жылы әскери ғылымының кандидаты атанады. 1999 жылы генерал-полковник болып, 1992-2003 жылдары Украина Қарулы күштерінің ракета мен артиллерия әскерінің Бас қолбасшысының бірінші орынбасары болды. В.С.Петров 2003 жылдың 15 сәуірінде 81 жасында қайтыс болған соң, Киевтің Байков зиратына жерленді, ұлдары зәулім ескерткіш орнатты.
Бақытжан Абдул-Түменбай,
тарихшы, журналист-дайджест.
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!