К.Маркс пен Ф.Энгельс іліміне сүйенген большевиктер ер адам отбасында басшы болғандықтан, отбасы мүшелерін қанаушы деп қарастырды. 1848 жылы жазған «Коммунистік партия манифестінде» коммунистік қоғамда отбасы болмайтындығын жариялаған болатын. Большевиктер бастапқыда өздері құрған жаңа қоғамда «отбасы», «ерлі-зайыпты», «ата-ана» деген ұғымдар болмайды, әрі ұмытылып кетеді деген болатын. Әйел мен ер адам бір-біріне тек жыныстық қанағаттандыру көзі ретінде қарауы керек. Сол үшін ер мен әйел коммунада бірге тұрады, әйелдер құқығы ерлермен бірдей төсекте кіммен жататынын өзі шешуі керек деді. Дүниеге бала келсе, ол интернатта тәрбиеленуі керек деп соны іске асыруға кірісті.
ХХ ғасырдың басында сексуальдық революция болуы керек екендігін анархистер, либеральдар, социалистер де құптады, орыс зиялы қауымы да сондай көзқараста болды. 1901 жылы Д.Мережковский мен З.Гиппиус сексуальды еркіндікті насихаттайтын «Жаңа дін» деген уағызды өмірге әкелді. 1908 жылы Москвадағы студенттердің арасында жүргізілген сауалнамада олардың 61 пайызы жыныстық қатынасты 17 жасқа дейін-ақ бастаған екен. Сол кезде венерологиялық ауру қатты ушығып тұрған еді.
1917 жылы патшаны тақтан құлатқан большевиктер отбасы болмайды деп, сексуальды революциясын бастап жіберді. Большевиктердің көсемі Ленин де қатынқұмар (бабник) еді, эмиграцияда шетелде болғанда қатынының үстіне қатын алған еді. Крупская Базедов ауруымен ауырып толып кетіп төсектегі міндетін атқара алмағасын Инесса Армандпен 35 жастағы Ленин үшеуі бірге тұрды.
Большевиктердің еркін махаббат теориясының негізін салған, дүниежүзі бойынша әйелдер арасында бірінші елші болған Александра Коллантай (1872-1952) еді. Осы Коллонтай қатын «отбасы буржуазиялық қоғамның қалдығы» деп есептеді. Отбасында адамдардың құқығы шектеледі, ер мен әйел өздерінің жыныстық қанағаттандыруын «стакан су» ішіп шөлін қандырғандай болуы керек деді. (Ары қарай айтуға сөзбен жеткізе алмаспын, өздеріңіз интернеттен «стакане воды» теория А.Колллонтай деп тауып алып оқырсыздар).
1918 жылдың басында «әйелдерді әлеуметтендіру» саясаты жүргізілді. Сол үшін «Нудистік» қозғалыс басталды. Бұл қозғалыс мүшелері анадан жаңа туғандай тыр жалаңаш шешініп, Москва мен Ленинград көшелерінде шеруге шығып, «Ұят жойылсын» (Долой стыд) деген ұран алып жүрді. Оны №2 фотодан көруге болады, Кремель іргесінен өтетін Москва өзені бойында «Нудистер» тал түсте тыржалаңаш суға түсуде, халық оны «жабайы жағажай» деп атап кеткен болатын.
Сексуальдық революцияны іске асыруда комсомолдың орны ерекше болды, көпшілік орындарда комсомол қыз бен жігіттің бір-біріне деген міндеттері жазылып тұрғанын №1 фотодан оқып аларсыздар, қазақшаға аударудың өзі ұят.
1924 жылы А.Залкинин деген біреу «Нудистердің 12 қағидасын» ойлап тапты, оның бір қағидасында пролетар бар күшін секске жұмсамай, дүниежүзілік революцияны да ойлау керектігін айтты. Осы жерде М.Шолоховтың «Көтерілген тың» романындағы Нагульновтың әйелі байын тастап кетіп бара жатып: «Макар, өзіңнің дүнижүзілік революцияңмен қала бер» деген жері есіме түсіп кетті. Коммунада дүниеге келген балалар интернатқа алынып, оларға мынадай есімдер берілді: Арлен (армия Ленина), Видлен (великие идей Ленина), Гертруда (герой труда), Дележс (дело Ленина живет), Ильком (Ильич коммуна), Марлен (Маркс- Ленин), Ремир (революция мировая). Әке мен ана тәрбиесін көрмеген бұл ұрпақ 20 жылдан кейін, Сталиннің репрессиясын іске асыратын нағыз шаш ал десе, бас алатын баскесерлер болып өсті.
1927-1928 жылдары басталған ұжымдастыру, алғашқы бесжылдық кезіндегі алып құрылысты салу үшін бетімен кеткен халыққа ие болу үшін Сталин «Моральдық Кодекс нормаларының 12 қағидасын» қабылдап, аз ғана уақыт ішінде советтік семьяны қалыптастырды. Бірігіп тұратын жынойнақ коммуналарды жапқызып, 1938 жылы аборт жасауға тыйым салды. Осы жарлық туралы әнші В.Высоцкий өзі туралы бір әнінде: «Я родился по указу от 38-го года» деп шырқайтыны бар. Бұрын бұл тақырып еш жерде жазылған жоқ, сондықтан сіздер бірінші болып оқып отырсыздар…
Бақытжан Абдул-Түменбаев,
тарихшы, журналист-дайджест
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!