28 маусым – Бұқаралық ақпарат қызметкерлері күні
Бұл актердің фамилиясы фильм титрында көрсетілмесе де, бәрі танитын еді. «Бриллиантты қол» комедиясындағы колоритті түрімен 1 минутқа да жетпейтін уақытта көрінсе де, совет көрермендерінің есінде сақалымен-ақ есте қалған болатын. Фильмде Никулинге: «Әкей, оттығың бар ма?» дегенде, Никулин қорқып кетіп аузына сөз түспей қалғанда: «Не мылқаусың ба?» дегенде: «Ия» деп жауап қайтқанда: «Түсінікті» деп кете бергенін көрген сайын күліп аламыз!
Бұл актердің негізгі мамандығы – журналист, Леонид Петрұлы Плешаков (1932-2004) еді. Институттың филология факультетін бітіргесін журналистиканың сұхбат жанрын таңдайды. Бұл жанрдың жүгі ауыр, кез келген журналистің қолынан келе бермейтін, біріншіден, өзің сұхбат алатын адамның деңгейіне сәйкес сұрақ қоя білуің керек, екіншіден, министр мен атақты адамдар уақытының жоқтығын айтып сұхбат беруден жалтарып кететін. Бірақ журналист Леонид Плешаковқа олай айта алмайтын, бұл адам тау тұлға болатын, бойының ұзындығы 1 метр 90 см болса, салмағы 120 кг еді, сондықтан сұхбат беруші бойына, әрі қалың қаба сақалына таң қалып, бұл алып журналистке келісімін беретін. Журналист Плешаковтың алған сұхбатын «Комсомольская правда», «Смена», «Огонек», т.б. басылымдар жариялауды өздеріне көрсеткен құрмет деп есептейтін.
Енді киноға қалай түскенін Леонид былай деп жазып кеткен екен. «Бірде «Комсомольская правданың» редакциясында иллюзианист Игорь Кио мен Юрий Никулинді кездестіріп қалдым, Игорьді танығанмен Никулинді тек кинодан ғана көрген болатынмын. Никулин маған бірден сөйлескісі келетінін айтқанда, буфетке барып кофе ішуді ұсындым, маған бірден мынадай сұрақ қойды.
– Сіздің кеудеңізде түк бар ма?
– Бар?! – дедім таң қалып.
– Көрсетіңізші, – дегенде бір ілгегімді ашып көрсеттім.
– Жеткілікті, – дегенде
– Неге жеткілікті? – деп таң қалып сұрадым.
– Ой, мен сізге түсіндіріп айтпаппын ғой, Леонид Гайдай бір комедия түсіріп жатыр, менің кейіпкеріме шетелде ұйықтатып тастап, қолына гипс салған болып ішіне контрабандалық жолмен бриллиант салып кеден бекетінен өткізеді, енді оның гипсін алмақшы болып ізіне контрабандиттер түседі, ол күдікті адамдардың бәрінен қорқатын болады. Сіздің түріңіз сол контрабандитке ұқсағасын ұсыныс айтып отырмын, – деп, телефон номерімді жазып алды.
Мен де қарап қалмай: «Юрий Владимирович, жақсы сіздің айтқан киноға түсуге келісім берейін, сіз де маған баспасөз үшін сұхбат бересіз» деп едім, ол да келісімін берді.
Мен бастапқыда Никулиннің көптеген әзіл-байкаларының бірі шығар деп ұмытып кеттім, жоқ бірнеше күннен кейін «Мосфильм» киностудиясынан режиссердің ассисенті телефон соғып, студияға келіп киім үлгісін киіп көруіңіз керек деп айтып тұр. Осылайша мен «Бриллиантты қол» фильміне түсуге келдім, көзіме күнге қарсы қара көзілдірік киіп, кеудемнің ашық тұсына адамның бас сүйегі «череп» медалионын мойныма іліп түсірілімге дайын болдым. Сол көрініс Ленин атындағы даңғыл бойындағы жер астындағы дәретханаға апаратын баспалдақта түсірілді. Кинодағы 21 секунттық сол көрініс 4 сағат бойы түсірлген болатын».
Осыдан кейін фильміне бандиттің эпизоттық роліне актер керек болса, режиссерлер журналист Леонид Плешаковты шақыратын болды, ол осылайша 11 фильмге түсіп, эпизоттық жанрдың нағыз шебері болған еді.
Бақытжан Абдул-Түменбаев,
тарихшы, журналист-дайджест
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!