Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Ай, Шыңғырлау, жылқы өзі өскен жоқ»

13.02.2021, 18:00 1804

HALYQLINE.KZ Асанқайғы желмая мініп желдіртіп, Сарыарқаны аралап жүргенде, әр жерге айтқан сындары мынау екен:

Ұзын аққан Ертісті көргенде: «Мына шіркіннің баласы тойдым деп қарап отырмас, қарыным ашты деп жылап отырмас. Сиырдың мүйізі, доңыздың құлағы шығып тұрған жер екен», — депті…

Есіл өзенін көргенде: «Жары мен суы тең, жарлысы мен байы тең болатын жер екен», — депті.

Нұраның бойын көргенде: «Алты күнде ат семіртіп мінетін жер екен», — депті.

Торғай өзенін көргенде: «Ағар суы бал татыған, ақ шабағы май татыған жер екен», — депті.

Терісаққан деген өзенді көргенде: «Сарыарқаның тұздығы екен», — депті.

…Шыңғырлауды көргенде: «Ай, Шыңғырлау, жылқы өзі өскен жоқ. Шыңғырлау, сен өсірдің!» — деп үш айналып, Шыңғырлаудың суына қолын малып отырып: «Шыңғырлау өкпелер, аттың ерін ал, қонайық, ат суарып аунап-қунап кетейік», — деген екен…

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: