Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сыр дарындылары топ жарды

29.05.2023, 16:10 346

Осы жылдың мамыр айында жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6-сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қорытынды (республикалық) кезеңі өткізілді.

Қашықтықтан өткізілген олимпиадаға аймағымыздан 15 оқушы қатысып, 8 пән бойынша бақтарын сынады.

Білім бәсекесінің қорытындысы бойынша дарынды оқушыларымыз топ жарып, 3 — алтын, 3 — күміс, 5 — қола медаль және 2 алғыс хат иеленді.

І орын иегерлері: Бегалы Шұғыла — Қазалы ауданы, №249 мектеп, Жолдасбай Бекнұр — Арал ауданы, №260 мектеп, Пак Амелия — Арал ауданы, №14 мектеп, 5-сынып.

ІІ орын иегерлері: Журахан Шахназ — Шиелі ауданы, №47 мектеп, Төремұратова Айлышуақ — Арал ауданы, №2 ОММЛИ, Мырамыр Данияр — Жалағаш ауданы, №123 мектеп.

ІІІ орын иегерлері: Шанбай Дінмұхамед — Арал ауданы, №83 мектеп, Еспанов Кенхан — Жалағаш ауданы, №123 мектеп, Өскен Досбол — Қызылорда қаласы, №278 мектеп, Бекмұрат Бағлан — Арал ауданы, №2 ОММЛИ, Боздакова Инабат — Арал ауданы, №14 мектеп.

Алғыс хат иегерлері: Болатбек Ұлықпан — Арал ауданы, 2 ОММЛИ, Абдрахманова Тоғжан — Қызылорда қаласы, 3 мектеп.

Қызылорда облысының білім басқармасының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: