Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ардагерлер өңірде бой көтеріп жатқан жаңа нысандармен танысты

27.02.2026, 20:13 39

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Халық Қаһарманы, армия генералы Мұхтар Алтынбаев пен мемлекет және қоғам қайраткері, Түркі мемлекеттері ұйымы Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Икрам Адырбеков бастаған ардагерлер мен зиялы қауым өкілдерін өңірде салынып жатқан және пайдалануға берілген жаңа нысандармен таныстырды.

Кездесу барысында қонақтар сол жағалаудағы 11 мың орындық жаңа стадион мен облыстық тарихи-өлкетану музейінің жұмысымен танысты. Халықаралық талаптарға сай салынған заманауи стадион өңірдегі спорт инфрақұрылымын дамытуға серпін беретін маңызды нысан саналады.

Сондай-ақ ардагерлер өткен жылы пайдалануға берілген облыстық тарихи-өлкетану музейінің жаңа ғимаратын аралап көрді. Заманауи үлгіде салынған музейде тарихи мұралар жүйеленіп, келушілерге кең көлемде ұсынылуда.

Аймақ басшысы мұндай әлеуметтік және мәдени нысандардың құрылысы өңірдің даму қарқынын арттырып, тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға бағытталғанын атап өтті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: