Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

СОVID-19: сандар сөйлейді

28.04.2020, 14:47 909

HALYQLINE.KZ –| 28 наурызда Қызылорда облысында СОVID-19 коронавирусы инфекциясымен алғашқы науқас тіркелген болатын. Сол сәттен бергі ахуалға қысқаша шолу жасап көрелік.

Статистика не дейді?

– 2020 жылдың 28 сәуіріне дейін тіркелгендер саны – 182 науқасқа жетті;
– Қызылорда қаласында – 48, Жаңақорған – 30, Шиелі – 66, Сырдария – 26, Қармақшы – 5, Қазалы – 3, Арал – 4 жағдай;
– 1 айда 110 науқас емделіп шықты;
– науқас анықталғандармен қарым-қатынаста болғандар саны – 2830.
– 1 айда 284 азамат провизорлық, 1551 азамат карантиндік стационарға жатқызылған.

Жас аралықтарына қарай:

– 14 жасқа дейінгі 20 бала;
– 15-65 жас аралығы 148 азамат;
– 65 жастан жоғары 14 адам;

Жынысына қарай:
– 93-і ер-азамат;
– 89-ы әйел азаматша;

Контингентіне қарай:
– 7-еуі – мектеп жасына дейінгі бала;
– 18-і – мектеп оқушысы;
– 16-сы – студент;
– 22-сі – зейнеткер;
– 44 азамат – жұмыста жүргендер;
– 49-ы – жұмыссыз жандар;
– 26-сы – медицина қызметкері;

Эпид маусымдағы дайындық:
– облыс бойынша инфекциялық – 215, провизорлық – 245, карантиндік 920 төсек орын стационар дайындалды;
– 3 стационарлы, 1 жылжымалы анализді зерттеу қондырғысы бар;
– тәулігіне 500 талдама жасай алады;
– 1 айда 9527 санама алынған;

Медицина қызметкерлеріне қандай қолдау жасалды?
– Президенттің қолдау нәтижесінде 481 медицина қызметкері наурыз айына 63 млн теңгеден астам үстеме қаржы алды;
– «Kazpetrol Group»компаниясы 120 медицина қызметкеріне 100 мың теңгеден – барлығы 12 миллион теңге қаржылай қолдау жасады;
– «Аграрлық несие коорпорациясы» АҚ облыстық филиалы 100 медицина қызметкеріне 50 мың теңгеден – барлығы 5 миллион теңге қаржылай қолдау берді;
– «Назарбаев Университеті жанындағы Әлеуметтік даму қоры» көпбалалы 16 медицина қызметкері отасына ноутбук табыстады;
– жеке кәсіпкерлер қолдауымен 300 медицина қызметкері «Қызылорда», «Селена», «Достық» қонақүйлеріне тегін орналастырылды;
– Олар тегін тамақпен және жүріп-тұру көліктерімен қамтамасыз етілді.

Тұрғындар қандай әлеуметтік қолдауға ие болды?
– облыс бойынша 8355 отбасына 1172,7 млн теңге әлеуметтік көмек тағайындалды;
– 53 137 адам 295,8 млн теңге азық-түлік және тұрмыстық заттар жиынтығымен қамтылды;
– » Birgemiz Qyzylorda» қоры арқылы 6 313 отбасына 50 мың теңгеден 1 реттік көмек көрсетілді;
– табысынан айырылған 179 936 адамға 42 500 теңгеден 7 млрд 647,3 млн теңгеге төлем жүргізілді.

Тұрғындарды ақпараттандыру және кері байланыс қалай болды?
– БАҚ беттерінде 2955 материал жарияланды;
– 110 бейнеролик көрсетілуде;
– 4595 материал әлеуметтік желіде орналастырылды;
– сала басшыларының 96 брифингі берілді;
– «400-100» орталығына 20 538 қоңырау шалынып, тұрғындар сауалына жауап берілген.

Мәліметтер Өңірлік Коммуникациялар

Қызметі (Қызылорда) парақшасынан алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: