Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Советтік экономика сөздігі

25.07.2023, 8:40 233

HALYQLINE.KZ

ИПОТЕКА – капиталистік елдерде тұрғын үйді, жерді кепілдікке алып берілетін ссуда. ИПОТЕКА кіші және орта дәржедегі шаруаларды құлдыққа түсіретін қанаушылардың құралы болып табылады. Себебі алатын процент-үстемесі жоғары болғандықтан, бар табысын беруге мәжбүр болып, үйі мен жерінен айырылған адам крепостной-басыбайлы құлдыққа түсетін. Қазақ қоғамында құлдық құрылыс болған жоқ. Мысалы, «Қозы Көрпеш пен Баян сұлу» жырындағы Баянның әкесі Қарабайдың 90000 жылқысы болғанын білеміз. Ондай жылқыны бір адам отбасымен де бағу мүмкін емесі белгілі. Сондықтан руластарына бақтырып, ақысын жылқының төлімен төлеп отырған. Ал оның сүті сұраусыз болған, қымызды емін-еркін ішкен, ол кезде кез келген жолаушының азығы жолда болған, яғни кез келген үйден ауқаттанып, қымыз-шұбатын ішіп жүре берген. Сондықтан болар қонақжайлылық – қазақтың қанына сіңген әдет!

Ашық дереккөзден алынып, көрнекілік үшін қолданылған суретте: Маковскийдің «Жарлының жағдайын көру» деп аталса, екіншісінде Москва қалалық әкімшілігінің өкілдері тұрмысы төмен отбасын көруге келді. Мен бұл екі суретті «Неден кеттік, соған оралдық» деп атар едім. Дұрыс па?

Абдулланың  Бақытжаны

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: