Кейінгі 2 жылда Солтүстік Аралға 4,5 млрд текше метр су келді. Бұл туралы Самарқандтағы Климат форумына қатысқан Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов мәлім етті, деп хабарлайды
Kazinform сайтына сілтеме жасап.
“Орталық Азияның 5 мемлекетіне ортақ үлкен тәжірибе бар — ол Аралды құтқару халықаралық қоры. Осы бірлестіктің аясында екі тұрақты комиссия жұмыс істейді: бірі — экология, екіншісі су саласында. Осы жұмыстың арқасында біз Солтүстік Аралды сақтап қалдық. Бүгінде онда 23 млрд текше метр су бар. Көкарал дамбасы салынған соң кейінгі екі жылда оған 4,5 млрд текше метр су келді. Бірлескен жұмыстың арқасында осындай нәтижеге қол жеткіздік”,— деп мәлім етті министр.
Нұржан Нұржігітов Үлкен Арал табанын жасыл желекке айналдыру жұмысы да қарқынды жүріп жатқанын атап өтті. Қазіргі таңда 2 млн гектардан астам аймаққа сексеуіл отырғызылып жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін ведомство басшысы Орталық Азия елдерінің Халықаралық су-энергетика консорциумын құрумен айналысатын қазақстандық жұмыс тобын құрғанын мәлімдеген еді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!