Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сардоба су қоймасы сыр берді. Қазақстандағы ахуал қандай?

02.05.2020, 9:01 712

HALYQLINE.KZ –| 1 мамыр күні сағат 5:20-да Сардоба су қоймасының бөгетін су шайып кетуіне байланысты Өзбекстан Республикасы, Сырдария облысы, Сардоба ауданының Қорғантеп елді мекенін су алып кетті. Бөгеттің бұзылуы кезінде су қоймасындағы су көлемін азайту мақсатында облыс басшылығының шешімімен орталық тармақ арнасы арқылы суды ағызу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде Мақтаарал ауданының шекарасындағы Сардоба, ВС-1, ВС-1.1, ВС 1.1.9, ВС-1.1.7, ВС-18, Южный, Д-3, Қарой, Центральный коллекторлары суға толып қалды.

ӨР ТЖМ мәліметінше, 1 мамыр күнгі 20:15-те Сардоба су қоймасынан ҚР аумағына су ағызу тоқтатылған.

Мақтаарал ауданы шекарасындағы «Центральный голодностепный Коллектор (ЦГК)» өткізу қуаты секундына 120 м3 болса, ағын судың қаттылығына қарай секундына 180 м3 болуы себепті су арнасынан шығып, 02.05.2020 жылы сағат 01:30 минут өткенде Жаңажол ауылдық округіне қарасты, Жеңіс және Еңбекші ауылдық округіне қарасты Жаңатұрмыс елді мекеніне су басу қаупі туындады. Жеңіс ауылында 288 үй, 1922 тұрғын бар. Оның ішінде 568 – ер адам, 546 – әйел адам, 808 балалар мен жасөспірімдер). Сондай-ақ, Жаңатұрмыс ауылында 47 үй, 321 тұрғын бар. Оның ішінде 169 – ер адам, 152 – әйел адам, 132 бала мен жасөспірім бар.

Тұрғындарды эвакуациялауға 6 автобус (300 адамдық), 4 камаз (120 орындық), ТЖД 6 техника мен 36 адам, полиция бөлімінен 7 техника мен 70 адам жұмылдырылды. Мырзакент кентінде 4 эвакуациялық пунктте 2200 орын дайындалған. Инженерлік жұмыстара 1 эксковатор, 3 погрузщик, 1 монипулятор жұмылдырылған.

Түркістан облысы өңірлік коммуникация қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: