Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сапалы ауызсу – ауылға

17.02.2025, 21:20 161

Бүгінде облыс аумағында 4 қала және 223 ауылдық елді мекен бар.

Қала тұрғындары сапалы ауыз сумен толық қамтамасыз етілсе, ауылдық елді мекен тұрғындарын орталықтандырылған ауыз сумен қамту деңгейі 98,6 пайызды құрайды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы 2025 жылдың соңына дейін барлық елді мекендерді 100 пайыз сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету туралы тапсырма берді. Қазіргі таңда облыс аумағында орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылмаған 22 елді мекен қалып отыр.

Осы ретте, ауылдарды сапалы ауыз сумен қамту бойынша арнайы жол картасы әзірленіп, жоспарға сәйкес жұмыстар атқарылуда.

Бұл ретте, ауыз су жүйесін жүргізу үшін қаржыландыруды қажет ететін елді мекендер бойынша жоба-сметалық құжаттамалар әзірленіп, тиісті Министрлікке қаржыландыруға ұсынылып, қолдау тапты.

Нәтижесінде, 2025 жылдың соңына дейін облыс аумағындағы барлық елді мекендер сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі деп күтілуде.

Бауыржан Измагамбетов,

облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық

шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: