Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Рух пен дәстүр тоғысқан мереке

21.03.2026, 7:58 24

Кеше 20 наурыз – Ұлттық спорт күні. Наурызнама онкүндігі аясындағы айтулы күн Арал ауданының орталың алаңында кең көлемде аталып өтті.

Алыстан көз тартатын ақшаңқан үйлерде мәдени-танымдық шаралар мен ұлттық ойындардан сайыстар ұйымдастырылды. Көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлаған бұл думанды күн ата-баба дәстүрінің өміршеңдігін тағы бір мәрте айқындады.

Кешкілік мерекелік концерт өтіп, қала тұрғындары мен қонақтарына әсем ән мен шаттыққа толы көңіл күй тарту етілді. Ән мен жырға ұласқан бұл кеш мерекенің ажарын аша түсті.

Ауқымды шараны Сазды, Мергенсай, Қосаман, Райым және Жетес би ауылдары жоғары деңгейде өткізуге атсалысты.

Мереке аясында аудан әкімінің орынбасары Н.Бохаев мәдениет пен өнер саласында елеулі үлес қосып жүрген қызметкерлер мен өнер ұжымдарын аудан әкімінің Алғыс хатымен марапаттады.

Ұлттық рухты ұлықтаған бұл мерекелік кеш көрермендерге ерекше әсер сыйлап, ел бірлігі мен берекесін айшықтай түсті

Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: