Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ұлттық киім – ұрпаққа мұра

03.03.2020, 10:15 4164

Ұлт бейнесінің айнымас көрінісі – ұлттық киімі. Өз еліміздің өнерін, мәдениетін, салт-дәстүрін ұлықтамай, жас ұрпақтың бойында отаншылдық қасиетін тәрбиелеймін деу бекер. Осы орайда мектеп-лицейіміздің ата-аналардан құралған қамқоршылық кеңесінің ортақ шешімімен ұлттық нақыштағы киімдерді оқушылар мен ұстаздар қауымы киіп жүрміз. Бұл үрдіс республика бойынша алғаш доңыз жылының наурыз айынан бастап біздің №266 мектеп-лицейінде қолға алынған еді. Алғыс айту күнінен бастап осы үрдіс биыл да жалғасын тапты. Біркелкі ою-өрнекпен көмкерілген қамзолдар оқушылардың көркін ашып, көңілге ұлттық киімге деген мақтаныш пен құрмет сезімін ұялатады. Жоғары сынып қыз балалары ұлттық нақыштағы шашбау, алқа, сырғаларын тағып қазақ қызына тән ибалығын көрсеткенде көз қуанады. Ер балаларымыз ұлттық оюмен безендірілген жейдемен сабырлы, өр тұлғалы қазақтың батырларындай көрінеді.

Ұлттық тәлім-тәрбие ұлттық киім киюмен шектеліп қалған жоқ. Тәрбие бағыты бойынша ұлтымыздың дәстүрлерін дәріптейтін түрлі іс-шаралармен айшықтала түскендей. «Қыз сыны», «Келіндер сайысы», «Ақ жаулықты әже, бал немере» сайысы, «Қазақ дәстүрлері» тәрбиелік шаралары – осыған дәлел. Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, салт-дәстүрлеріміздің қадір-қасиетіне жас буын шәкірттерімізді тәрбиелеудеміз. Ұжымдағы осындай келелі бастаманы көпшілік оқырмандармен бөлісуді жөн көрдім.

Самиға Тәліпқызы,

Қызылорда облысы,

Қазалы ауданындағы №266 мектеп-лицейінің

бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер:

Жанар Жаппарова үшін пікір үстеу Жауапты болдырмау

Тағы да оқыңыз: