Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ұлттық  киім  күні  ұмыт  қалмады

20.03.2026, 16:25 33

HALYQLINE.KZ

Сайын даланың сипаты және табиғатпен біте қайнасқан өмір салты ұлттық киімде көрініс табады. Таным мен талғам тұтасқан мұраның ұрпаққа ұласа беретініне де дау жоқ. ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесі Наурызнамадағы айтулы күнді елеусіз қалдырмады. Яғни, шаруашылық бөліміне қалдырылған жазасын өтеушілер ұлттық нақышта киініп, мерекенің мәнін арттыра түсті.

Іс-шара барысында Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінен келген қызметкерлер әрбір ұлттық киімнің тарихы, тігілу ерекшелігі және ою-өрнектердің мағынасы туралы ақпараттармен бөлісті. Қазақтың шапаны, камзолы, сәукелесі мен тақиясы – сәндік бұйым емес, ұлттың дүниетанымы мен рухани болмысын айшықтайтынын терең түсінгені анық. Жазасын өтеушілердің бір-бірін мерекемен құттықтап, жыл басын жылы лебіздер айтумен бастағаны – құптарлық іс.

Ұлттық құндылықтарды дәріптеген мұндай кездесулер адамның рухани тұрғыдан жаңғыруына оң әсер етері сөзсіз.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: