Ақбоз атты ханзада шауып келе жатып, патша ханшайымына шабуыл жасап жатқан айдаһарға тап болады. Ол айдаһарды өлтіріп, ханшайымды құтқарады. Патша мен Патшайым оған қызын беріп, үйлену тойы өтеді.
Біраз уақыттан кейін, сол кезде көп болған айдаһарлардың тағы біреуі ханшайымға тағы шабуыл жасаған кезде, батыр оны қорғау үшін соғыспақ болады, ал оған ханшайым дауыстап: «Тоқта, мына уды алып, айдаһарға шашып қал!»,-дегенде жігіт басында түсінбей қалып, біраз ойланады да ақыры, ғашық отына балқитын мінезіне бағынып, уды алып шауып барып, айдаһарды улап өлтіреді.
Халық шексіз қуанып, батырды мадақтайды, бірақ батырдың өзі мүлдем қуана алмады.
Келесі күні таңертең батыр аң аулауға шыққалы жатқанда, әйелі оған: «Әлгі уды ұмытпай алып ал, мүмкін қажет болып қалар!» – деп ақыл үйрете бастайды, Батыр амалсыз уды алып аңға шығады.
Аңнан қайтып келсе, адамдарға тағы бір айдаһардың шабуыл жасап жатқанын көреді, және сол маңда жақын жерде тұрған әйелін де көреді. Батыр қылышын шығарып шайқасарын, әлде уды шашарын білмей ойланып тұрғанда әйелі: «Мына арқанды алып, шалма тастап тақымда!», – дейді. Батыр әйелінің айтқаны бойынша жасап, айдаһарды жеңеді.
Халық қуанып жатыр. Бірақ батыр қуанбайды, сарайға қабағын түйіп, қату, ойлы қалпымен кіреді. Ертеңінде таңертең аң аулауға шыққалы жатқанда әйелі келіп: «Бүгін кешегі жаққа емес, басқа жаққа барғаның жөн шығар. Сондай, сондай нәрселерді өзіңмен бірге алып ал!», – деп ақыл айтыпты.
Батыр әйеліне ештеңе деместен шығыпты да, белгісіз жаққа қарай аттанып кете барыпты.
Мүмкін, ақбоз атты ханзадамыз тағы да ханшайымдарды құтқарып жүрген болар…
Ең басында өзін-өзі қорғауға қабілетсіз, жұмсақ әрі нәзік, әрі сұлу – осы сипатының бәрі батырды ерлік жасауға еріксіз жетелейтін ханшайым біраз уақыттан кейін оны басқарып, тізгінді өз қолына ала бастайды.
(Қандай батыр бақылауда, басқарылуда болғысы келеді дейсің?..) Осылайша, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан бұл үрдіс біздің уақытымызда үйреншікті жағдайға айналды.
Ерлер мен әйелдер өз-өзінің жолдарымен жүруді қойғалы қашан. Біз міндет пен рөлдерімізді өзгертіп алдық, бүгінде ол өміріміздегі трагедияға айналуда. Сондықтан, өзіміздің туадағы ішкі түйсігімізді түсіну, өзіміздің табиғи және шынайы болмысымызды сақтауымыз керек екендігі айқындала бастады.
Әр адам өз міндеттерін орындап, өз жолымен жүру арқылы бақытты өмір сүреді екен. Біреудің атқаруы тиіс жұмысын қанша жақсы орындаса да адам бақытты бола алмайды дейді.
Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!