Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сыр шеберлерінің жұлдыз құрағы

26.09.2025, 8:30 140

HALYQLINE.KZ

Кеше Қызылорда қаласында осы тақырыпта шаһардың ғасырлық мерейтойына арналған мәдени іс-шара өтті, деп жазады қала әкімінің баспасөз қызметі.

Таңғажайып талантымен талайларды тамсандырған қазақ қолөнерінің қарапайым да қайталанбас түрі – қиыстырып құрақ қию, одан көздің жауын алатындай өте бағалы бұйымдар жасау.

Оның қымбат құндылығының бір айғағы құрақтан жасалған заттардың ұзатылатын қыз жасауына еніп, бұл дүние-мүліктің ажарын арайландырып жіберетіні, үй ішіне ұлттық рең беріп, адамның рухын асқақтататыны.

«Мерейтой аясында ұйымдастырылған «Сыр шеберлерінің жұлдыз құрағы» атты мәдени-көпшілік іс-шара – халқымыздың бай мұрасын, ұлт өнерін, қолөнер шеберлерінің талантын дәріптейтін маңызды алаң.

Сыр өңірі – елдігіміздің, мемлекетіміздің қалыптасуына үлес қосқан, тарихы терең, мәдениеті бай мекен. Сондықтан бүгінгі іс-шараның мәні де, маңызы да ерекше» деген қала әкімінің орынбасары Дархан Тұрсынбаев мерекеге тарту жасаған Сыр шеберлеріне ризашылығын жеткізді.

Сонымен қатар, 100-ден астам шебердің ортақ іске бас біріктіруіне мұрындық болған белгілі қолөнер шебері Үржамал Жайбергеноваға қала әкімінің арнайы алғыс хатын табыстап, құрмет жасады.

Келесі боп сөз алған облыстық Кәсіпкерлер палатасының директоры Пірмұхаммед Сыздық кәсібін заңдастырып, ұлттық кодымызды жаңғыртуға үлес қосып жүрген қолөнер шеберлерінің игі бастамасына сәттілік тіледі.

Өз кезегінде Үржамал Әбдібайқызы «Жұлдыз құрағы» деген атаудың мағынасы – ел ішіндегі береке мен бірліктің, шеберлік пен шабыттың символы екенін айтып, қолдау жасаған қала басшылығына алғыс білдірді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: