Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сыр елінде Жыраулар үйі ашылады

13.12.2023, 11:35 234

HALYQLINE.KZ

Бұл туралы Қызылорда облыстық мәдениет және спорт басқармасының басшысы Мира Қазбекова әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Сүлейлер сөзін, жыраулар мұрасын жақұты көретін Сыр халқына ақжолтай ақпар.

Жаңа ғана аймақ басшысы облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында облыс орталығында 2024 жылы Жыраулар үйі ашылатынын хабарлады!

Руханият мәселелері қаузалатын жиындарда күн тәртібінен түспей жүрген Жыраулар үйін ашу туралы ұсынымдар осыған дейін бірнеше жыл қатар жолданған еді. Биыл ғана аймақ басшысының тікелей бастамасымен қолдау тауып отыр.

Тамырын тереңге жайған жыраулық өнердің ірі төрт мектебіне атақоныс болған мекеннің күмбезі көкке ұмтылған өз Жыраулар үйі болады, ағайын! Баршамызға құтты болсын!» деді басқарма басшысы.

Сурет  ашық дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: