Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевқа бірқатар тарихи құжатты тапсырды

11.04.2026, 19:45 24

HALYQLINE.KZ

Бұхарадағы бейресми кездесу барысында Өзбекстан Президенті Мемлекет басшысына архив материалдарын табыстады, деп жазады Ақорда.

Атап айтқанда, Қазақстан тарапына Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи және Рәбия Сұлтан бегім кесенелеріне қатысты 1920-1950 жылдары Өзбекстанда табылған құнды құжаттар, сызбалар және фотосуреттер берілді.

Бұл құжаттардың көбі бүгінге дейін ғылыми айналымға түспеген және тарихи-мәдени құндылығы зор.

***

Президенттер Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Бұхара облысының жаңа Ахуалдық орталығының қызметімен танысты. Онда тәулік бойы өңірдегі ахуалға, соның ішінде инфрақұрылым жағдайына, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына, көлік жүйесіне, қауіпсіздік қызметіне және табиғи процестерге бақылау жүргізіледі.

Ахуалдық орталық төтенше оқиғалар кезінде шұғыл қызметтердің іс-қимылын үйлестіріп, ықтимал сын-қатерлерге тосқауыл қою үшін жағдайдың өрбуін модельдеуді жүзеге асырады.

Фото: Ақорда

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: