Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Республикалық жазба ақындар мүшәйрасы өтті

22.09.2023, 16:20 348

HALYQLINE.KZ

Бүгін Жалағаш ауданы Темірбек Жүргенов ауылында «Тәуелсіздік жалаугері – Жүргенов» атты республикалық жазба ақындар мүшәйрасы өтті.

Жазба ақындар мүшәйрасын жазушы, публицист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Бейбіт Қойшыбаев ашып беріп, қазылар алқасына төрағалық етті. Қазылар алқасының құрамында ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Қаршыға Есімсейітова, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Қуат Ахетов бар. Ел мақтанышын еске алуға арналған іс-шарада іріктеуден өткен 14 жазба ақын өнер көрсетті. Темірбек Қараұлының өмірін өлеңмен өрнектеген таланттылар тартысында қызылордалық Мақсат Дауылбай, Ұлытау облысынан келген Дәуренбек Бұлданбаев, Алматы облысынан келген Нұрлыбек Саматұлы жүлделі ІІІ орын иеленді. Жалағаш ауданының жас ақыны Жасұлан Серік жүректі жырымен жүлделі ІІ орынға лайық деп танылды. Павлодар облысынан келген Нарқұлан Райханұлы І орынды, Сыр өңірінің азулы ақыны Дүйсенбек Аяшұлы бас жүлдені иеленді. Сонымен қатар, жерлесіміз Елена Әбдіхалық Темірбек Жүргенов атындағы арнайы жүлдеге ие болды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: