Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін Ахмет Байтұрсынұлы атындағы оқытушылар республикалық байқауы биыл Қарағанды қаласында өтті.
Осы байқауда Тілдерді оқыту орталығының мемлекеттік тіл оқытушысы Сембиева Гүлбану Ғарифуллақызы жүлделі І орынды иеленді.
Байқау ережесі бойынша қатысушылар сабақ үлгісін таныстыру, сұрақ-жауап және жағдаяттық тапсырмалар бойынша шарттарды орындады. Сабақ барысында оқытушының дағдыны меңгертуге арналған әдіс-тәсілдері мен көрнекі құралдары, өзін-өзі ұстауы, аудиторияны игеруі, жағдаяттан шыға білуі әділ қазылардың оң бағасын алды.
Сондай-ақ, Түркістан қаласында үш тілді меңгерген мемлекеттік қызметшілер арасында өткен «Тіл шебері» республикалық байқауына облыстан Дін істері басқармасының бөлім басшысы Бердібек Нұрхат Маратұлы қатысып, жүлделі ІІ орынды жеңіп алды.
Байқаудың «Сөзтаным» кезеңінде мәтіннің ішінен көнерген сөзді тауып, мағынасын қазақ тілінде айтуы, «Елтаным» кезеңінде қазақ жері және оның аймақтары, ұлттық құндылықтары жөніндегі сұрақтарға орыс тілінде жауап беру, «Ойтаным» кезеңінде ұлы тұлғалар, ұлттық аспаптар, ұлттық ойындар бағытында берілген сұрақтарға ағылшын тілінде жауап беру бойынша сынға түсті.
Облыс абыройын асқақтатқан марапат иелерін Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының басшысы Р. Каюпов қабылдап, алғысын білдірді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!