Дана Абай айтқандай, «Қазақтың өзге жұрттан сөзі ұзын». Университетте әдебиет теориясынан дәріс берген ақылдың ақыны Қадыр Мырза Әли «Қазақтың сөзге болмаса, сөздің қазаққа өкпесі жоқ» деуші еді. Қазір бабадан қалған мирас байлығымыз сарқылып бара жатқандай. Баспасөзіңіз түгіл көркем әдебиетіңіз де ақпараттық стильге көшіп кеткендей. Ауызекі сөйлеудің ахуалы тіптен аянышты. Қазақтың жорғадай жосылған қара тілінен айырылып қалдық. Басқасын былай қойғанда, ас қайырғанда беретін ақ батамыздың өзін ақсақалдарымыз тосқа айналдырып жіберді. Өз басым сөздің түбін түсіріп сөйлеу үлгісін Арал мен Торғайдың көнекөз қарияларынан көрдім. Кейінгілер олай көсіле алмайтыны ойлантады. Біздің Светқали Нұржан секілді бірен-саран замандастарымыз болмаса, айтқанын атты адам түсіп, жаяу адам жатып тыңдайтындай шежірешіл шешендер мен ділмар дегдарлар жоқтың қасы.
Талғат БАТЫРХАН,
«Egemen Qazaqstan»
фото: martebe.kz
Жөнді сөйлей алмау газет, журнал оқымағаннан. Оған үстіне, телеарналарда ақын-жазушылардың, суретшілер мен композиторлардың, тағы басқа шығармашылық иелерімен кездесу кештері жоқтың касы. Тележурналистердің сөздері күлді-бадам бірдеңе. Кітапханаға барып кітап алып оқу, оқу залында отыруды ұмыттық. Сосын казақтың көбісі орыстілді.