Бірде патшаға уәзірі таңғала бір жаңалықты жеткізеді. Бір өнерпаз жігіт он қадамнан иненің көзіне жіп лақтырып өткізеді екен! Патша ол жігітті алдыртады. Лақтырғанын өз көзімен көреді. Сонан соң жігіттен:
– Осы өнерді үйренуге қанша жылың кетті? — деп сұрайды.
– Жиырма жылым кетті, — деп масаттана жымиыпты жігіт.
– Мынаған жиырма алтын беріңдер. Сонан соң жиырма дүре соғыңдар! — депті патша нөкерлеріне.
Патшадан тек ғана қошемет дәметіп тұрған жігіт:
– Жазығым не? — деп шоши, үрейлене сұрайды.
– Алланың өлшеп берген өмірінің бақандай жиырма жылын пайдасыз іске жұмсағаның үшін! — депті ашулы патша.
Түсіндім.