Шығармашыл жастарды қолдау мақсатында өткен іс-шара қала тұрғындары мен жастарға ерекше атмосфера сыйлады, деп жазады Қызылорда қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
Көрмеде қатысушылар шаһарымыздың көркем келбетін, күзгі сұлулығын және шығармашылық көзқарасын ұсынды.

Іс-шараға қала әкімінің орынбасары Ділмұхамед Абызов қатысып, фотошеберлердің еңбектерін тамашалады. Көрмеге барлығы 15 фотошебер қатысып, өз туындыларын көрермен назарына ұсынды.
Нәтижесінде, 1-орынды Берікбол Әбутәліп, 2-орынды Наталья Голованова, ал 3-орынды Рустем Али иеленді. Сондай-ақ, «Көрермен көзайымы» номинациясымен Берікбол Әбутәліп пен Нұрайым Қабден марапатталды.

Жеңімпаздар мен қатысушыларға арнайы марапаттар мен демеушілер есебінен қаржылай сыйлықтар табысталды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!