Тыңдаушысы қалың ойға бататын,
Әр сөзінде ұлы мұра жататын.
Қасіретті қайғы жұтып Сыр елі,
Мәңгілікке аттандырды-ау Ахатын.
Қаламменен қағазды өтті қастерлеп,
Әдебиетке ол өзіндік қосты өрнек.
Ес жиғызбай қайғы жұтқан Сыр елін,
Қош деместен кете барды-ау Әскербек.
Алудай-ақ алса да еш тоймадық,
Дегендейін мұңның бұлты айналып.
Төбемізден кетпей қойды-ау, ақыры,
Құрығына ілініпті-ау Айжарық.
Мына жаздың шыжуын-ай, шыжуын,
Көңілімді бұзуын-ай, бұзуын.
Қанша жанды алып кетті сұм тажал,
Бұдан әрі жалғамасын тізімін.
Адамдарға күш-жігер мен сенім дос,
Болса ғана өтпес мынау өмір бос.
Қазағымды аман сақтап Тәңірім,
Күн құрғатпай айтқызбасын көңіл қос.
Ұлықбек БЕКҰЗАҚҰЛЫ,
ақын
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!