Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Көрме өтті

28.03.2025, 10:50 160

HALYQLINE.KZ

Қармақшы ауданының «Руханият» орталығында Қазақстанның тұңғыш кәсіби мүсіншісі, халық суретшісі Хакімжан Наурызбаевтың 100 жылдығына орай «Жастар үні: Хакімжан Наурызбаевтың ізімен» атты Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы студенттерінің шығармашылық көрмесі ұйымдастырылды. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Іс-шараға Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Самат Қыдырбекұлы, аудан ардагерлері, мәдениет және білім саласының өкілдері, аудандық Оқушылар үйінің қызметкерлері, мектеп оқушылары және қонақтар қатысты. Сондай-ақ, өнертану ғылымдарының магистрі, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Санат Қожанұлы Байсынов, Алматы қаласы «DEKOR A KZ» студиясының директоры Ақберген Шарипұлы Абдулин, мүсінші-суретшілер Асаналы Асыл мен Жетгенбай Жүсіп іс-шараның құрметті қонағы болды.

Көрменің ашылуында аудан әкімінің орынбасары Самат Қыдырбекұлы құттықтау сөз сөйлеп, аталған іс-шараның ұлттық өнерді дәріптеудегі маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, ардагер ұстаз Көптілеу Қазақбаева мен өлкетанушы Шегебай Құндақбаев қазақ мүсін өнерінің дамуындағы Хакімжан Наурызбаевтың рөлін атап өтті.

Көрме аясында Санат Байсыновтың «Өмір жолы: Мүсін өнері және ұрпақтар сабақтастығы» атты кітабының тұсаукесері өткізіліп, аталған еңбек музей және кітапхана қорына табысталды.

Іс-шара соңында қатысушылар музей залында қойылған көрмені тамашалады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: