(Жапон аңызы)
Аңыз ерте, ерте, ертеде бір адам өмір сүріпті, оның екі қызы болыпты деп басталады…
Қыздары ақылды, оқу-білімге құмар болыпты…
Сондықтан да олар әртүрлі сұрақ қойып, әкелерінің мазасын ала берсе керек…
Әкесі мүмкіндігінше ақылға қонымды жауаптар бере алғанымен, кейде қыздарына өзінің нақты дұрыс жауаптар беріп жүргеніне күмәнданады екен…
Қыздарының оқуға деген ынтасын ескерген әкесі екеуін биік таудың басында жалғыз өзі ғана тұратын әулиеден біраз уақыт білім алуына жағдай жасайды…
Дана қария кішкентай қыздардың қойған барлық сұрақғына еш ойланбастан жауап береді екен…
Бірақ бір күні апалы-сіңлі қарттың даналығын сынау үшін жаман әдіс ойлап тауыпты…
Олар әулиеге дұрыс жауап бере алмайтын сұрақ қоюды ұйғарады…
Қыздар жоспарларын бірден жүзеге асыру үшін жұмысқа кіріседі… Әпкесі алыстан көк көбелек ұстап алып, айырылып қалмас үшін алжапқышына ыңғайлап орап әкелді…
Сосын сіңлісіне не істеу керектігін түсіндірді…
«Ертең мен мына көк көбелекті алақанымда жасырып ұстап, дана қариядан:
«Мына нәрсе тірі ме, әлде өлген бе?» деп сұраймын…
Егер ол тірі деп жауап берсе, мен қолымды қысып көбелекті өлтіремін…
Егер ол өлі деп жауап берсе, мен көбелекті босатамын, ол еркін ұшатын болады… Сонда ол қандай жауап айтса да, қате болатын болады»…
Келесі күні таңертең қыздар данышпанның қасына келіп, оны өз тұзағына түсіруге тырысып, әлгі сұрақты қойыпты…
Бірақ данышпан өте сабырлы қалыпта күлімсіреп: «Саған ғана байланысты, ол сенің қолыңда ғой», – деп жауап берді…
Көк көбелек туралы аңыз біздің Бүгініміз бен Болашағымыз өз қолымызда екенін еске салады…
Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!