Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Эвилен Вуд тәсілі арқылы кітапты қалай жылдам оқуға болады?

24.02.2024, 8:00 228

HALYQLINE.KZ

1 КҮНДЕ – 1 КІТАП

Ақпарат алудың жаңа жолдары пайда болса да адамзат баласының кітапқа деген құрметі төмендеген емес. Күн санап кітап оқуды былайша оқу өз алдына, жылдам оқитындардың қатары да көбейген.

Тарихта жылдам оқу қасиетімен есте қалған талай мықты тұлға бар. Мысалы, Наполеон Бонопарт өзінің көшбасшылығымен ғана емес, сонымен қатар оқу жылдамдығымен де ерекшеленген. Деректерге сүйенсек, ол минутына 2000 сөз оқитын болған.

Француз жазушысы Оноре де Бальзак екі жүз беттен тұратын романды жарты сағатта оқып бітірген. Ал Максим Горький минутына 4 мың сөз оқи алған. Америка президенті болған Рузвельт жылдам оқу әдісін арнайы оқып, жақсы меңгерген екен. Соның нәтижесінде ол қалың кітаптарды 1-2 сағатта аяқтайтын болған.

Психологтар адам неғұрлым кітапты көп оқыса, соғұрлым оның түйсігі және ойлау қабілеті жоғарылайды деген ұстанымды алға тартады. Қарпайым адам бір нүктеге қарағанда он әріпті, кейбіреулері екі-үш сөзді ғана көреді. Жылдам оқитын адамдардың мүмкіндігі жоғары. Ол бір оқығанда жүз немесе бес жүз белгіні және отыз үш сөзді бірден көре алады.

Ал баяу оқу барысында адамдар кітапта жазылған дүниенің тек 60 пайызын ғана қабылдайды. Ал жылдам оқығанда керісінше туындының 80 пайызын түсінуге мүмкіндік береді. Жылдамдыққа сай ақпарат тез қабылданып, тез сіңетін көрінеді. Сонымен бірге зерттеушілер жылдам оқығаннан гөрі асықпай оқығанда көздің тез талатынын анықтаған.

Кітап оқудың өз логикасы бар. Оны оқымай тұрып, алдымен қырымен қоямыз. Өлең не проза болған жағдайда онда басқа тәсіл қолданамыз. Ал мақала не талдаулар болса, кітап бетіндегі сандарға ғана қараймыз.

Кітапты оқудың құпиясы: бірінші сіз сөзге немесе ойға салмақ түсіріп отырасыз ба соған байланысты. Егер сіз ойға салмақ түсіріп оқиытын болсаңыз, кітап жылдам оқылады. Қазіргі таңда жылдам оқытудың компьютерленген әдісі де бар. Жылдам оқуды үйрену үшін барлығы Эвелин Вудтің тәсілін пайдаланады.

  1. Бұл тәсіл бойынша бірінші қойылатын талап – көп оқу.
  2. Екіншіден, мәтінді іштей айту әдетінен айыққан жөн. Яғни, көзбен көргенді оймен де оқу керек. Сонда жақсы нәтижеге қол жеткізуге болады.
  3. Үшіншіден, секундомердің көмегімен, өзіңнің қаншалықты тез оқығаныңды тексерген дұрыс. Егер нәтижеге көңілің толмай жатса, тағы қайталап барынша тез оқуға тырысу қажет. Адам өзін осылай тәрбиелейтін болса, жылдам оқуға машықтанып кетеді.

Фото: balbal.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: