Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аралда Амал мерекесі тойланды

15.03.2024, 9:15 178

HALYQLINE.KZ

Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесі қарсаңында тойланатын Амал мерекесінің халқымыз үшін орны бөлек. Өткен жылдан жаңа жылға есен-сау жеткендігіне шүкір етіп, қытымыр қыстың кері шегініп, жер аяғы кеңіп, жер-дүниенің гүлденіп, ел бұл күні қол алыса жамырай көрісіп, құшақ айқастыра жадырай қауышады.

Кеше аудан орталығындағы «Домбыра» саябағында «Амал» мерекесі тойланды. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Іс-шара «Ата толғау» күйі шертілген қойылымнан бастау алып, мың бұралған бишілер жиылған жұртқа «Шашу» биін тарту етті. Бір топ жырау, кимешек киген ақ жаулықты әжелер мен қыз-жігіттер халық әні «Беу айдайды» орындап, жиналған жұртшылықты қуанышпен қарсы алды.

Тағылымды іс-шараға аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев пен аудан ардагерлері қатысып, барша халықты Амал мерекесімен құттықтады.

Айтулы мерекеде қыз баланың ұлттық дәстүрге сай тұсауы кесіліп, жиылған жұрт ұлттық тағам – Наурызкөжеден дәм татты. Іс-шара одан әрі спорттық сайыстар мен аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: