Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ақындар деген екен…

24.10.2020, 16:00 1582

Ақшаң жоқ болса, күлме

Айтыскер ақын Балғынбек Имашев өзіне жақын, жақсы көретін бір інісіне:

— Айналайын-ау, тістерің қатты қисық екен. Өзің бір көңілді, күлекеш баласың. Күлген кезіңде тіпті жаман болып көрінеді екен. Осыны бір жөндетсеңші, — депті.

Сонда әлгі інісі ағасына еркелей:

— Ой, Балғын аға, осы тісті жөндеткім-ақ келеді. Алайда оған ақша жоқ, — депті көңілдене. Сонда Балғынбек:

— Ақшаң жоқ болса, күлме, — деген екен.


Ішінен жауып көрмеппін

Айтыс ақыны Нұрлан Мұсаев бір танысының жап-жаңа көлігіне отырып жатып есігін қатты жауып қалады. Сонда көлік егесі ренжіп:

— Жай жапсаңызшы, немене үйіңізде мұздатқыштың есігін жауып көрген жоқсыз ба? — депті. Әзілге жақын Нұрлан салған жерден:

— Жауып жүрмін ғой. Бірақ, ішінен жауып көрмеппін, — деген екен.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: