HALYQLINE.KZ ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаментінің қолдауымен Халыққа қызмет көрсету орталықтарына «Мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тетіктерін жетілдіру» жобасы аясында еріктілерді оқыту бойынша практикалық жұмыстар ұйымдастырылуда.
Аталмыш жобаға сәйкес «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» облыс бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету орталығында аймағымыздағы ерікті түрде қызмет жасауға ниет білдірген волонтерлармен кездесу өтті.
Тұрғындарға ерікті түрде қызмет көрсетіп, қолғабыс жасауға ниет білдірген 20 еріктілерге ХҚКО мамандары орталықтың қызметімен таныстырып, жаңа жұмыс форматын түсіндірді.
– Еріктілерге қызмет көрсету жолдарын алдымен өзіміз үйретіп жатырмыз. Одан кейін олар тұрғындарға мемлекеттік қызметтерді egov.kz порталы мен мобильді қосымшалардың көмегімен алу жолдарын түсіндіріп, кеңес беретін болады, – дейді, филиал директоры Айдын Қайруллаев.
Айта кету керек, еріктілер орталықтарда аптасына 10 сағаттан, 9:00-ден 18:00-ге дейін қызмет ететін болады. Сонымен қатар, арнайы тренингтен өткен жоба қатысушылары өз аймақтарында азаматтарды цифрлық қызметтермен пайдалануды қашықтықтан үйретіп, Халыққа қызмет көрсету орталықтарының аймақтық филиалдарында жұмыс істейтін болады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!