Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордаға Қытайдан жұмыс істеуге келетіндер көп

17.12.2025, 1:09 24

Қызылорда облысында 2025 жылы шетелдік жұмыс күшін тартуға 598 квота бөлінді, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі kazinform сайтына сілтеме жасап.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметіне сүйенсек, өңірде 38 бірлескен кәсіпорын жұмыс атқарады. Онда еңбек ететін отандастарымыздың саны 9400-ге жуық. 300-ден астам шетелдік рұқсатпен жұмысқа тартылған болса, соның ішінде Қытай (264) мен Түркия (45) азаматтарының салмағы басым. Биыл шетелдік жұмыс күшін тартуға 288 рұқсат берілді. 

— Қандас мәртебесін беру және ұзарту қызметі бойынша аймағымызға оралған 14 этникалық қазаққа (11 отбасы) қандас мәртебесі берілді. Олар Өзбекстан (12), Қытай (1), Түрікменстаннан (1) келген. 3 адамның қандас мәртебесі ұзартылды, — деді басқарма басшысының орынбасары Жанар Дәулетбаева.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: