HALYQLINE.KZ –| Қазалы ауданында пойыз жолсерігі қауіпті індет жұқтырды. Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Әбдусаметов Қызылордада науқастар саны соңғы тәулікте 8 адаммен толығып, 132-ге жеткенін мәлімдеді.
Оның ішінде Қызылорда қаласында — 18, Жаңақорғанда — 20, Арал — 4, Сырдарияда — 25, Қармақшыда — 4, Шиелі — 59, Қазалыда 2 дерек. Инфекция жұқтырғандардың арасында 13 медицина қызметкері бар.
— Жаңадан анықталған жағдайлар бойынша Қызылорда қаласында — 6, Қазалыда — 1, Жаңақорғанда — 1 жағдай. Жаңақорған және Қазалы ауданынан тіркелгендер карантинде болған. Ал Қызылорда қаласынан тіркелгендердің кімдермен қарым-қатынаста болғаны анықталып жатыр, — деді басқарма басшысы.
Науқастардың жағдайы бірқалыпты, хаттамаға сәйкес ем алуда.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!