Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада тозығы жеткен су құбыры мәселесі қашан шешіледі?

02.04.2026, 15:15 31

Қызылорда облысының солтүстіктегі екі ауданын тіршілік нәрімен қамтамасыз етіп отырған Арал-Сарыбұлақ топтық су құбырының тозып тұрғаны көптен айтылып жүр.

Бұл туралы halyqline.kz тілшісі kazinform сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Апатты жағдай, әсіресе, жаз мезгілінде жиілейді. Облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы мәселені шешу бағытында қандай жұмыс атқарылып жатқанын жеткізді.

  • Арал-Сарыбұлақ топтық су құбыры Арал және Қазалы аудандарының 160 мыңнан астам тұрғынын ауызсумен қамтып отыр. Жалпы ұзындығы 238 шақырым су құбыры 1986 жылы пайдалануға берілген. 80%-ның тозығы жеткен. Соның салдарынан су қысымына төтеп бере алмай, апатты жағдайлар мен жарықтан ажырату жиі тіркелетін болды. Аталған нысанның қос ауданға ортақ жалғыз су көзі екенін ескере келе, құбырдың екінші тармағын салу қажеттігі туындады. 2022 жылы облыс әкімдігі тарапынан топтық су құбырының екінші тармағын салу бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленді, — делінген басқарма жауабында.

Жоба құны – 43,7 млрд теңге. Өткен жылы құрылыс жұмысын бастауға республикалық бюджеттен 5,5 млрд теңге бөлініп, 23 шақырым су құбыры жаңғыртылды. Құрылыс биыл да жалғасады. Ол үшін 20 млрд теңге көлемінде бюджеттік өтінім ұсынылған.

Фото: Арал ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: