Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада шаңды дауыл тұрады

14.05.2021, 17:00 319

HALYQLINE.KZ Қазақстанның үш өңірінде дауылды ескерту жарияланды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Қазгидрометке» сілтеме жасап. 

15 мамырда Солтүстік Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде найзағаз ойнайды. Түнде және күндіз, синоптиктердің болжамы бойынша, тұман болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні секундына 15-20 метр болады.

Сонымен қатар, Маңғыстау облысында дауылды ескерту жарияланды. Өңірде 15 мамырда 38-39 градус ыстық болады. 

Қызылорда облысында кей жерлерде шаңды дауыл болады. Шығыстан жел соғып, облыстың кей жерінде секундына 15-20 метрге дейін жетеді. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: