Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада өрттің алдын алу жұмыстары күшейтілді

11.02.2026, 18:01 38

Қызылорда облысында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы профилактикалық шаралар жүйелі түрде жалғасып жатыр. Тұрғындардың қауіпсіздігін арттыру және төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында өңір көлемінде түрлі акциялар мен түсіндіру науқандары ұйымдастырылуда.

Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Бейбітхан Спанов өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында мәлімдеді.

Оның айтуынша, аймақта «Қауіпсіз автокөлік», «Өрттен сақ бол», «Бірыңғай өрт қауіпсіздігі күні», «Газбаллон» сынды акциялар өткізіліп келеді. Сонымен қатар тұрғындарға төтенше жағдай туындаған сәтте алғашқы қадамдарды дұрыс жасауға үйрететін «Өзіңнен баста» және «Өрт болса дереу хабарлас» бағдарламалары жүзеге асырылуда. Өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндіру жұмыстарына полиция қызметкерлері мен еріктілер де тартылған. Адам көп шоғырланатын орындарда 50-ден астам рейд ұйымдастырылып, 7 мыңнан аса тұрғынға нұсқама берілген. Мамандар қауіпсіздік талаптарын сақтау тек арнайы қызметтің емес, әр азаматтың жеке жауапкершілігі екенін ескертеді.

Бейбітхан Спанов күнделікті өмірде қарапайым сақтық шараларын ұстану маңызды екенін атап өтті. Әсіресе автокөліктің техникалық жағдайын уақытылы тексеріп, газ жабдықтарын дұрыс пайдалану, тұрмыстық электр құрылғыларын қараусыз қалдырмау сияқты талаптар қайғылы жағдайлардың алдын алуға сеп болатынын жеткізді. Оның сөзінше, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру – қоғамның ортақ міндеті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: