Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада 7 жастағы қыздың аяғы жылу батареясына қысылып қалған

08.04.2025, 9:05 170

Оқыс оқиға 6 сәуір күні Қызылорда қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде болған.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, үйдегі жылу радиаторы қабырғаларының арасына 7 жастағы қыздың аяғы кіріп кетіп, қысылып қалған.

«Шақыру бойынша оқиға орнына барған құтқару жасағының қызметкерлері арнайы гидравликалық құралмен жылу батареясынан қыз баланың аяғын шығарып алды. Бала өміріне ешқандай қауіп төнген жоқ», – делінген хабарламада.

Осы орайда құтқарушылар балаларға қауіпсіздік ережелерін үйретіп, жалғыз қалдырмауға кеңес береді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: