Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада 10 жастағы бала үш жылдан бері ұйқысыздықпен күресіп келеді

26.02.2026, 11:30 49

Қызылордада 10 жастағы бала үш жылдан бері ұйқысыздық дертімен күресіп жүр. Дәрігерлер тосын «мінездің» себебін таба алмай аң-таң күйге енді, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.


Қызылордалық Әлинұр Рахым ұйқысыздықтың зардабын тартып жүр. Анасының айтуынша, баласы түнде 1 сағаттан ұзақ ұйықтамайды. «Көз шырымын ала алмаған ол түнімен дөңбекшіп шығады», – дейді. Дәрігерлер оның бірнеше себебі болуы мүмкін деп отыр. Ал салдары неге әкеп соғуы мүмкін?

Әлинұр Рахым 10 жаста. Анасы: «3 жыл бұрын мазасыз күйде ұзақ жатып, көз шырымын алатын еді»,- дейді. Сол кезде дабыл қағып, дәрігерлерге алып барған. Бірақ: «Барлық тексеру мен қан талдау қорытындысы жақсы»,- депті мамандар.

Әлинұрға тыныштандыратын дәрілер берген. Алғашында оның көмегі болғанымен, қазір 1 сағаттан артық ұйықтамайтын халге жеткен.

Бала ұйқысыздықтан әбден шаршаған. Көзі ісіп, дел-сал күйде жүреді екен.

«Ұйқысыздықтың түрлі себебі бар. Ол психикалық, неврологиялық және соматикалық бұзылыстардан болуы мүмкін. Осы 3 топтық тексеру баланың потологиялық жағдайын толық анықтап береді. Сонымен қатар қазіргі дерттің басталуы мен дамуы анамнезін жасау керек», – дейді жоғары санатты балалар психиатры Марина Вихновская.

Ұйқысыздық көбіне қарттықпен қатар келетін. Ал мамандар қазір ұялы телефонды көп көру салдарынан бұл дерт балаларға да жабысқанын айтады.

Фото: pexels

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: